Мемлекеттік тіл – ұлт мәртебесі
СЕЙСЕНБІ КҮНІ АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ VIII ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.
ОҒАН АУДАН ӘКІМІ ҚАЙРАТ НҰРТАЙ, «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ СӘДУАҚАС АҢСАТ ЖӘНЕ ОБЛЫСҚА ҚАРАСТЫ АУДАНДАРДАН КЕЛГЕН ФИЛИАЛ ТӨРАҒАЛАРЫ, КОНФЕРЕНЦИЯ ДЕЛЕГАТТАРЫ ҚАТЫСТЫ.
Конференция жұмысы 1 минуттық үнсіздікпен басталып, қатысушылар ауданда «Қазақ тілі» қоғамының филиалы құрылғаннан бастап қызмет жасаған, мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің артуына елеулі еңбегі сіңген азаматтарды еске алды.
Іс-шараны аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы ашып, «Қазақ тілі» қоғамының мемлекеттік тіл мәртебесін арттырудағы айрықша орнын атап, биыл облыс көлемінде алғаш рет өткізіліп отырған конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Облыстық басқарма төрағасы С.Әбдіқадырұлы аудан әкімінің сөзін жандандырып, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен қызметі және «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы туралы сөз қозғады.
Әрі қарай конференцияның күн тәртібіне сәйкес аудандық филиал төрағасы Гүлжауһар Раеваның баяндамасы тыңдалды.
– Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалында 75 бастауыш ұйым құрылып, оларда 4025 мүше бар. Тәуелсіздігіміздің тірегі – қазақ тілінің мәртебесін көтеруге байланысты жыл сайынғы іс-шаралар жоспары мен қоғамның облыстық филиалының алға қойған міндеттерін орындауда түрлі ұлттық, мәдени-көпшілік шараларды өткізуде аудандық филиал біршама жұмыстарды атқарды. Алдағы уақытта аудандық ұйымның алдында нақты әрі өте жауапты міндеттер тұр. Алдымен басқарма, алқа құрамын жаңадан нағыз тілге жанашыр болатын азаматтармен толықтыру қажет. Қарап отырсақ, «Қазақ тілі» қоғамы аудандық бірлестігіне бірнеше белгілі тұлғалар басшылық етіпті. Олар өзінен кейінгі тіл жанашырларын тәрбиелеп қалдырған. Біздің де мақсатымыз осы. Кез келген мәселеде ойын бүкпесіз айта алатын қатарды қалыптастыруымыз керек. Дегенмен, бірқатар қиыншылық пен кемшілікті де айтпасқа болмайды. Аудандық төралқа жиындарын өткізу соңғы кездері мүмкін болмады, себебі бұрынғы құрамдағы мүшелердің көпшілігі түрлі себептерге байланысты қазір жоқ. Пандемея кезінде ауқымды іс-шаралар өткізілген жоқ. Бұл елімізге келген ортақ қиындық. Ауылшаруашылығынан екі шаруашылық – «Тұрмағамбет», «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен басқа шаруашылықтар қоғамға мүше емес. Бұл тұрғыда белсенділік төмен екенін мойындауымыз керек, – деді аудандық филиал төрағасы өз баяндамасында. Мұнан соң филиалдың тексеру комиссиясының төрағасы Гүлжанат Дүзенова қаржылық жұмыстар жайлы есеп берді. Онда мүшелік жарна жинауға білім саласына қарасты мектептер мен балабақшалардың бастауыш ұйымдары, денсаулық сақтау, мәдениет саласы қызметкерлері белсенді қатысатыны айтылды. Десе де мүшелік жарна жинауда қиындық бар. «Ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпорындардан, кәсіпкерлік құрылымдардан мүшелік жарна мүлде жиналмайды. Болашақта жаңа сайланатын құрам бұл мәселемен нақты айналысатын болса, ұйымның қаржылық жағдайын біраз жақсартуға мүмкіндік бар» деді есепті хабарламасында.
Мұнан соң алқа мүшелері Шегебай Құндақбаев, Әбдірахман Құлдүйсенов, Шынар Райымбаева және Дәурен Ержановтың жарыссөздері тыңдалды.
Конференцияда аудандық филиалдың басқарма, алқа құрамы жаңартылып, облыстық басқарма төрағасының ұсынысына сәйкес аудандық филиал төрағасы болып Гүлжауһар Раева қайта сайланды. Сондай-ақ, алқа мүшелерінің дауыс беруімен облыстық конференцияға 2 делегат ұсынылды.
Жиын соңында облыстық басқарма төрағасы Сәдуақас Аңсат аудандағы мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуына үлес қосып жүрген белсенді азаматтар Әбдірахман Құлдүйсенов пен Шегебай Құндақбаевты бірлестіктің Құрмет хатымен, Тәжігүл Әбенова, Айткүл Әбжалиева, Шынар Райымбаева, Бағия Сармолдина, Шырын Жүсіпова, Гүлжанат Дүзенованы Алғыс хатпен марапаттады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ (суреттер)
Шегебай ҚҰНДАҚБАЕВ,
«Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалында осы ұйымның алқа мүшесі ретінде көптеген тақырыптық іс-шараларға қатысып, ұйым жұмысына араласып келемін. Әртүрлі байқаулар мен мүшәйраларда қазылар алқасына мүше болып, байқауға қатысушылардың тілге деген ынта-ықыласын таразылап, бағалау кезінде мектеп мұғалімдері мен оқушыларының, балабақша қызметкерлерінің жан сүйсінерлік жақсы жұмыстарына куә болып та, ризашылығымызды білдіріп те жүрміз. Аудандардағы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалдары қоғамдық бірлестік ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, түрлі әлеуметтік жобаларға қатысуға мүмкіндік алуы керек. Мүшелік жарнаның аздаған тиын-тебенімен ауқымды жұмыстар атқару оңай шаруа емес. Ұйым мүшелеріне мүшелік туралы билет табыстап, тек бюджеттік мекемелерден ғана емес, шаруашылық құрылымдарынан, кәсіпкерлер арасынан ұйым белсенділерін көбейтуге жұмыс жасалуы керек. Оған аудан әкімінің, кент, ауыл әкімдерінің, дербес бөлім басшыларының септігі тиіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Қай уақытта көпшілікпен бітетін қоғамдық істердің басы-қасында осы кісілер жүрсе шешілмейтін мәселе болмайды.

Дәурен ЕРЖАНОВ,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
– Көрнекі ақпаратты дұрыс жазу бойынша консультациялық түсіндіру жұмыстарын үйлестіруге байланысты аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалымен бірлесіп биыл 3 рет Жосалы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округі бойынша 105 кәсіпкерлік объектісіне (дүкендер, жарнама агенттігі, мейрамхана, салондар, т.б.) зерделеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы ауданға мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерін оқытатын 3 маман бөлініп, бүгінде жұмыс істеуде. Осы жылы аудан бойынша қазақ тілі курсын 72, орыс тілі курсын 36 және ағылшын тілі курсын 72 қызметкер бітіріп, сертификат табысталды.
Аудан әкімдігі жанындағы ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы тобының екі отырысы өткізілді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жүргізіле беретін болады.

Шынар РАЙЫМБАЕВА,
№183 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
– Мен ұстаздық ететін аудан орталығындағы Ү.Томанов атындағы №183 орта мектебінде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық білім бөлімінің, мектеп директорының бұйрығын басшылыққа ала отырып, жоспар құрылып бекітілді.
Мектеп кітапханасында бұйрық, іс-шаралар тізбесі, атқарылған жұмыстардың есебі, қазақ тіліндегі қосымша әдістемелік кітаптар, сөздіктер, деңгейлеп оқыту дискілері, заңнамалар іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің үлгі кітапшалары қойылды. «Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі» тақырыбында пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен Тілдер мерекесі өткізілді. Мектебімізде атқарылған жұмыстардың барлығы жергілікті ақпарат құралы арқылы жарияланып отырады. Біздің арқасүйеріміз халық болса, ал сол халықтың өмірінде баспасөз – өмір айнасы. Білім ұясында «Тіл сақшысы» газетіне жазылушылардың саны жыл сайын артып келеді.