» » Дизель отыны: баға неге күрт өсті?

Дизель отыны: баға неге күрт өсті?

Биыл 4,9 млн тонна дизель отынын өндіру көзделуде. Бұл – 2015 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Дегенмен өндіріске Атырау мұнай өңдеу зауытының жыл басында жоспарсыз тоқтап қалуы теріс әсер етіпті. Соның салдарынан зауыт соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша бекітілген жоспардан 239 мың тонна дизельді аз өндірген.
Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың мәліметінше, осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында дизель өте көп тұтынылған. Тамыз айында 520 мың тонна пайдаланылса, қыркүйек айындағы көрсеткіш те осы шамада. Байқағанымыз, дизельдің көп тұтынылуына Қазақстанның ішкі нарығындағы бағаның төмендігі әсер еткен.
– Дизель бағасының төмендігіне байланысты осы жылдың тамыз айының басынан аталған отын түрінің қоры күрт төмендей бастады. Мәселен, тамыз айының басында біздегі дизель отынының қоры шамамен 250 мың тоннаны құрады. Қыркүйек айының соңына қарай отын қоры 200 мың тонна деңгейінде болды. Импорт жазда 26 мың тоннаны құрады. Ресейден шамамен 500 мың тонна дизель отынын импорттауға мүмкіндік бар екенін ескерсек, 26 мың тонна деген көп емес, – дейді Ә.Мағауов.
Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, дизельдің орташа бағасы литріне 188 теңгені құраған. Бірақ соңғы уақытта баға 208 теңгеден 330 теңгеге дейін көтерілді. Ал 2019 жылы орташа баға 193 теңгені құраған. 2019-2020 жылдары қысқы дизель отынының баға­сы литріне 255-270 теңге аралығында құбылған. Вице-министр жеткізілім жағдайы тұрақ­талса, баға да қалпына келеді дегенді алға тартуда.
– Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданды. Мәселен, автомобильмен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды. Сәуір айынан бастап дизель отынының экс­порты тоқтатылды. Атырау мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеуі 2022 жылға ауыстырылды. Атыраудағы зауыт пен «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» серіктестігі қосымша жүктеме алды. Бұл шамамен 29 мың тонна дизель отынына тең. Павлодар мұнай-химия зауыты мұнайды бастапқы өңдеу кешенін жөндеу мерзімін шегерді, – деп нақтылады вице-министр.
Оның айтуынша, кедендік статистика қыркүйек айында импорт 17 мың тоннаға тең болғанын көрсеткен. Ал қазан айының 8 күнінде шекара арқылы 32 мың тонна дизель отыны өткен. Сондай-ақ, қазіргі уақытта дизель отынына бағаның өсуі байқалуда. Оның дерегінше, маусымаралық дизель отыны бағасының ағымдағы диапазоны литріне 214-330 теңгені құрайды. Қош. Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданды? Алдымен автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды. Сәуір айынан бастап дизель отынының экспорты тоқтатылды, «АМӨЗ» ЖШС-ын жоспарлы жөндеу 2022 жылға ауыстырылды, «АМӨЗ» ЖШС мен «ПҚОП» ЖШС 100 мың тонна қосымша мұнай көлемімен жүктелді - қосымша 29 мың тонна дизель отыны, «ПМХЗ» ЖШС-ның мұнайды бастапқы өңдеу кешенін жөндеу мерзімі ауыстырылды – қазанның бірінші онкүндігінде қосымша 30 мың тонна дизель отыны, РФ МӨЗ-нен дизель отынын тиеп-жөнелтуді жандандыруда. Сонымен қатар 1-20 қыркүйек аралығында – 5,3 мың тонна, 21-30 қыркүйек аралығында – 38,2 мың тонна, 1-10 қазан аралығында – 22,2 мың тонна.
«11 қазандағы жағдай бойынша дизель отынының жалпы қалдығы 214,9 мың тоннаны құрайды, оның ішінде ҚР МӨЗ-де 38,7 мың тонна, мұнай базаларында 123,4 мың тонна» дейді Әсет Мағауов.
Оның сөзінше, қабылданған шараларды ескере отырып, сондай-ақ ағымдағы жылдың қазан айында 330 мың тонна көлемінде дизель отынын өндіруді және 80-100 мың тонна көлемінде импорттық жеткізілімдерді ескере отырып, ішкі нарықты тұрақтандыру күтілуде. Осы орайда, ол бір ай бұрын 2021 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша мұнай базаларындағы қалдық 128,3 мың тоннаны құраған. Осыған байланысты, дизель отынының қолда бар қорларын жедел мониторингілеу үшін министрлік еліміздің барлық мұнай базаларын автоматты деңгей өлшеуіштермен жабдықтау қажеттілігі мәселесін көтергенін айтты.
Дайындаған Айнұр ӘЛИ
19 қазан 2021 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031