Халық пен тіл – тамыры терең қос емен...
Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып, өркениеттілікке құлаш сермеген адамгершілігі мол, сапалы да саламатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр.
Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгілерімен байытып, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасауда. Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру басты нысанаға алынып отыр.
Жақында №109 орта мектепте өткен «Тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы іс-шара осыған дәлел десек артық емес. Сынып ұлттық нақышта безендірілген. Қазақтың қара шаңырағы киіз үйдің керегесіне кілемше, қоржындар ілінген. Бір ерекшелігі рухани іс-шараға сынып жетекшісі мен оқушыларыұлттық ою-өрнекпен нақышталған киім киген. Мың бұралған бишілер «Қамажай» биімен тәрбие сағатын ашты. 10 сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.Берікбаева презентация жасаса, жүргізушілер А.Нұрғалиева мен Г.Жақсылық оқушыларды өз үйлеріне шақырды. Сынып оқушылары «Қазақ осы» әнімен қазақы үйде отырып, тіл туралы мақал-мәтел, белгілі ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқып, ортаға өз ойларын салды. «Қазақ тілі биік дәрежеге көтерілуі үшін мемлекетіміз қандай жұмыстар атқаруы қажет деп ойлайсыңдар?», «Қай тіл ең көп тараған тіл?» сынды сұрақтарға оқушылар Н.Қанаев, М.Әлжан, Ж.Тоқшылықова, Н.Тоқмырзаев, З.Қонысбекова, А.Мирамбекұлы ұтымды пікірлерін білдірді. Сергіту сәтінде А.Ербол, Г.Есенова, Ұ.Әбдуалиқызы, С.Жаухар, Н.Қазақбаева, А.Қуантаева, А.Маханбетова, Д.Нұғманов, А.Саяшбекова, А.Серікова «Орамал тастамақ» ойыны арқылы тіл туралы мақал мәтелдер айтты. Қатысып отырған қонақтардан қонақкәде сұралып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Сәденов домбырамен Сыр сүлейі Тұрмағамбет жыраудың термесінен үзінді орындап берді. Сынып жетекшісі ақын М.Әлімбаевтың «Тілің – халқың, халқың – тілің, қос егіз! Екеуінің саясында өсеміз,Халық пен тіл – жасай берер қос емен,Саясында көгереді көсегең» деген өлең жолдарымен қорытындылады.Әсерлі де қызықты өткен іс-шара соңында оқушылар Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін хормен орындап шықты. Жалпы алғанда, мазмұнды өткен бұл іс-шарадан ел болашағы – нағыз тіл жанашырлары бүгінгі партада отырған оқушылар деген ой түйіндедік.
Г.ӘМІРҚЫЗЫ