» » Қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге қандай көмек көрсетіледі?

Қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге қандай көмек көрсетіледі?

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге қандай көмек көрсетілгенін баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



"Расында да биылғы көктем-жазда екі өңірге оңай болған жоқ, мал азығының тапшылығының себебі – қыста қар болмай, көктемде жауын болмай, шөптің аз болуы. Сол себепті біз биыл оперативтік штаб құрып, министрлік тарапынан сол штабты тұрақты түрде өткіздік, біраз жұмыс атқарылды. Бүгінгі күні республика бойынша 23,9 млн тонна пішен әзірленді немесе жоспардың 100 пайызы дайындалды, 1,6 млн тонна пішендеме, 1,4 млн тонна сүрлем және сабан мен құнарландырылған азықтар да әзірленіп жатыр", – деді Қаракөшеев. 
Министрдің айтуынша, Маңғыстау өңірі бойынша ауыл шаруашылығы малдарын қыстату үшін 77 мың тонна пішен және 53 мың тонна құнарлы азық қажет.
"Оны дайындау үшін жоспар құрылды, жоспар бойынша 75 пайыз пішен, 55 пайыз құнарлы азық дайындалды. Сол себепті мемлекет, үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бөлінген еді, сол қаражаттан 1,9 млрд теңге – арнайы Маңғыстау облысына бөлінді. Осы 14 қазандағы жағдай бойынша, сол 1,9 млрд теңгенің 1,2 млрд теңгесі игерілді. Бүгінгі таңда 790 шаруа қожалығына, 7 мыңға жуық жеке-қосалқы шаруашылықтарға осы көмек төленді", – деп түсіндірді спикер.
Ал Қызылорда облысына Үкімет резервінен 1,7 млрд теңге бөлінді, қазіргі уақытта бұл қаражат 100 пайыз игеріліп, 1100 шаруа қожалығына көмек төленді.
"Одан басқа Маңғыстау өңірінде "Каспий" ӘКК арқылы жергілікті бюджеттен де қаражат бөлініп жатыр. Ол пішен мен құнарлы жем дайындауға жұмсалып, күздің аяғына дейін жем-шөп толық көлемде дайындалады деп жергілікті әкімдік ақпарат берді. Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға ақшадан да басқа көмек көрсетілген болатын. Біріншіден, фермерлердің алған несиелерін ұзарту жұмысы жүргізілді, теміржол мен азық-түлік тасу үшін қолданылатын тарифтер 77 пайызға арзандатылды, ол тариф қазір де жұмыс істеп тұр. Басқа өңірлерден де Маңғыстау облысына жеңілдетілген тариф арқасында біраз жем-шөп тасылып жатыр", – деді министр.
18 қазан 2021 ж. 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031