Құрылтай
» » Алимент өндіру туралы іс медиация тәртібімен реттелді

Алимент өндіру туралы іс медиация тәртібімен реттелді

Қармақшы аудандық сотына талап қоюшы А. әкесі болып табылатын жауапкер Е.-дан 3 жасқа дейін алимент өндіру туралы талап қою арызымен жүгінген. Азаматтық істі қарау барысында тараптар медиация тәртібімен өзара бітімгершілікке келгендерін көрсетіп, араларындағы келісімді бекітуді сұрады. ҚР Азаматтық процестік Кодексінің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес, сот егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады. Сот ұйғарымымен талап қоюшы мен жауапкер арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді. Келісімге сәйкес, жауапкер баласы 3 жасқа толғанға дейін, яғни 2024 жылдың сәуір айына дейін ай сайын алимент төлеуге міндеттеледі.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
17 қыркүйек 2021 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 063

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31