» » Алимент өндіру ісі медиация көмегімен тоқтатылды

Алимент өндіру ісі медиация көмегімен тоқтатылды

ЖОСАЛЫ, 30 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Аудандық сотта талап қоюшы А. жауапкер Р-дан 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіру және жоғары оқу орнын бітіргенше өзіне қосымша қаражат өндіру туралы азаматтық ісі қаралды, деп жазады аудандық соттың баспасөз қызметі.
Сот отырысында тараптар дауды реттеу туралы келісімді бекітуді сұрап, өз еріктерімен медиация келісіміне келгендерін көрсетті.
Тараптар кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан. Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшының пайдасына қызы 21 жасқа толғанша айсайын 60 000 теңге көлемінде алимент төлеп тұруға міндеттенген. Ал талап қоюшы болса, өзінің қойып отырған талабынан бас тартып, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.


30 қаңтар 2020 ж. 1 034 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031