» » Қайырлы істің қазығы алтын

Қайырлы істің қазығы алтын

Әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Аталған акция әлеуметтік қолдауды қажет Ардақотбасы балаларын жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтап, балаларды мектепке дайындау мақсатында өткізіледі. Ал биылдан бастап бұл акция жыл бойына жалғасын табатын болды. Бала жүзіне қуаныш, ата-анаға сенім ұялатар осындай іс-шара жақында «Дәметкен ана» оңалту орталығында өткізілді.
Қайырымдылық шараға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Жеткерген Қалымбетов пен әлеуметтік сектор меңгерушісі Шахаркүл Әлекеева қатысты, орталық қызметкерлері мен ата-аналар, бүлдіршіндер қатысты.
Іс-шара аясында «Арал балалары» қайырымдылық тобының ұйымдастыруымен, «Сыр мейірімі» қорының қаржылай қолдауымен орталық тәрбиеленушілеріне оқу-құралдармен қамтылған сөмке және спорттық киімдер табыс етілді.
«Жанашырлыққа жан риза» демекші әркез жүрегі кең, пейілі ақ, жақсылық жасауға ұмтылып тұратын демеушілердің жомарттығына, балаларды қоғам назарынан тыс қалдырмауға тырысатын орталық ұстаздарына ата-аналар ризашылығын білдірді.


Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
14 қыркүйек 2021 ж. 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031