» » Антына берік маман

Антына берік маман

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ МАМАНДАРЫНА ОҚЫС ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУДЕ ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРУ МІНДЕТТЕЛГЕН. АТАЛҒАН САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МОЙНЫНДА ҚАЙ МЕЗГІЛДЕ БОЛМАСЫН ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛГЕН. ОЛАР КЕЗ КЕЛГЕН ӨРТ ОҚИҒАЛАРЫ МЕН АПАТТЫ ЖАҒДАЙҒА ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТІП, ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУМЕН ҚАТАР ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ БОЙЫНША ШАРАЛАР АТҚАРАДЫ. БҮГІНГІ КЕЙІПКЕРІМІЗ ДӘЛ ОСЫ САЛАДА ТАБАНЫНАН ТІК ТҰРЫП ҚЫЗМЕТ ІСТЕП ЖҮРГЕН БІЛІКТІ МАМАН. ОЛ АУДАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ – ДАНИЯР БАЙРАХМЕТОВ.
2018 жылы Көкшетау техникалық инс­титутын бітірген жас маман араға бір жыл салып аудандағы Төтенше жағдайлар бөліміне жұмысқа орналасады. Қазіргі таңда ол азаматтық қорғау аға лейтенанты. Бөлімде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жақсы меңгерумен қатар ­фун­кционалдық міндетіне жауапкершілік­пен қарап, өзіне жүктелген қызметін абыроймен атқаруда. Сонымен қатар өрт оқиғалары кезінде апаттың шығу жолдарын анықтап, өрт оқиғасы құжаттарын жинақтап, процессуалды шешімін қабылдайды.
– Жалпы біздің қызмет сан қилы. Бір өрт оқиғасын қараумен шектеліп қалмаймыз. Басқа да төтенше жағдайлардың алдын аламыз. Мәселен жаз айларында балалардың суға кету қаупінің алдын алсақ, қыз мезгілінде тұрғын үй өртін болдырмау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Жол­дағы авариялық жағдайға көмек беру, мұз үстінде суға кету секілді апаттардың алдын аламыз. Кейде бір уақытта екі төтенше жағдай орын алатын кездер болады. Әлі күнге есімде, 2019 жылы 31 желтоқсанда Ақжар ауылында өрт оқиғасының болып жатқаны жөнінде хабар келді. Жедел түрде сол жаққа бет алғанымызда жолай Дүр Оңғар ауылының тұсында ірі жүк көлігі мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы орын алды. Қандай жағдай болмасын адам өмірін арашалап қалу басты міндетіміз. Тез арада құтқару қызметін көрсетіп, әрі қарай өрт болып жатқан орынға жылжыдық, – дейді аға инженер Д.Байрахметов.
Қызметтестері Даниярдың өте қарапа­йым, жұмысқа адалдығын алға тартады. Жұмысты қиын-оңай деп қарамай шын ықыласымен беріліп істейді дейді олар. Тіпті пандемия кезінде де ауданда коронавирус індетін алдын алу бойынша бөлімнің қызметтік автокөлігінің құрылғысы арқылы азаматтарға қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары және санитарлық талаптарды сақтау жөнінде хабарландыру жұмыстарын жүргізіп отырған.
– Данияр – тәжірибелі маман. Ол әрдайым қызметтік міндеттерін тиімді және адал орындайды. Әріптестері арасында мәдениетті және сыйлы. Әскери тұрғыда өте жинақы, формалық киімін ұқыпты, таза ұстайды. Өзінің кәсіби шеберлігін арттыруда үнемі ізденіс үстінде жүреді. Бөлім қызметкерлеріне қызметтік және жолдастық көмек көрсетуге әрдайым ықыласты, азаматтармен сөйлесуде еркін, – дейді бөлім басшысының уақытша міндетін атқарушы Еркін Назарқұлов.

Ерсін СӘДУҰЛЫ

28 тамыз 2021 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031