» » Байқауда үздік атанды

Байқауда үздік атанды


Біз дүние есігін ашқан соң анамызбен танысамыз. Бесікте жатқанда оның әлдиімен өсеміз. Негізі қазақтың түзде ат үстінде, үйде ошақ басында ыңылдап ән салып жүретіні бар. Ән қазақпен біте қайнасқан ұлы өнер. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, бұрын кеңінен қолданылып, қазір кенже қалып келе жатқан дәстүрлер бар. Солардың бірі – жас сәбиге айтылатын бесік жыры.
Ұлттық дәстүрімізді ұлықтау мақсатында облыстық әйелдер кеңесі мен республикалық «Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігі Қызылорда филиалының ұйымдастыруымен өткен «Ана әлдиі» видеоролик байқауы өткізілген болатын. Осы сайыстың аудандық кезеңінен топ жарып, облысқа жолдама алған Алтынай Ермашова бұл додада ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
– Байқау туралы әлеуметтік желіден естіп, мамырда аудандық кезеңге дайындалған видеороликті жібердім. Бұл сайысқа өңірдің өзінен бірнеше нәзікжанды қатысты. Әділ-қазылардың шешімімен үш жұмыс іріктеліп, облысқа жіберілді. Арасында менің де дайындаған бейнеролигім болды. Жақында нәтижесі шықты. Жүлделі орын бұйырғанына қуаныштымын, – дейді Алтынай Әбдімәжитқызы.
Облыс төрінен марапат алып келген жерлесіміз кент орталығындағы Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектепте ұстаздық етеді. Қолға қалам ұстатып, әріп әлеміне жетелейтін бас­тауыш сыныптың мұғалімі. Байқауға қатысу барысында бесік жыры туралы көп ізденіп, көпшілік біле бермейтін ерекше түріне таңдауы түсіпті. Үш перзент тәрбиелеп отырған ана бесік жырын қайта қолға алып, жаңғыртуды қолдайды.
– Бесік жыры – қалыс қалып келе жатқан дәстүрлердің бірі. Өзім де екі қыз тәрбиелеп отырмын. Ұлтты тәрбиелейтін қыз баласы ғой. Сондықтан да оларға ата дәстүрдің құндылығын қазірден үйретіп отырамын, – дейді ол.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
24 тамыз 2021 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930