» » Бастаған бизнесі тұралап қалғандарға көмек көрсетіледі

Бастаған бизнесі тұралап қалғандарға көмек көрсетіледі

Пандемия кезінде жүрі­сінен жаңылып, табы­сы­нан айырылған кәсіп­кер­лер көп болды. Қолға алған жобасын пышыратып алғандар қатарында «Бастау Бизнес» жобасы­ның түлектері де жоқ емес. Кәсіпкерлік негіздерін енді-енді меңгеріп, ел қатарлы табыс табуға кіріскен жоба түлектері күтпеген жерден қиындыққа тап бол­ға­ны белгілі. Мемлекет қол­­дауының игілігін көр­ген оларға тағы да бір мүмкіндік беріліп отыр. Қыс­қасы, індет қысқан күрделі кезеңде зардап шеккен жоба түлектері төмен пайызбен несие рәсімдей алады.


«Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы басқарма төр­ағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, өңірлерде жұмыс іс­тейтін микроқаржы ұйымдары 15 шілдеден бастап өтінімдерді қабылдауда. Бүгінде жалпы сомасы 3 млрд теңгені құрай­тын 600-ге жуық өтінім келіп түскен.
«Бастау Бизнес» жобасы­ның түлектері мемлекет қол­дауын әрдайым сезініп келе­ді. Президент тапсырмасы­на сәйкес биылғы және өткен жыл­дағы оқуға қатыс­қан­дар­ды қаржыландыруға жеткілікті көлемде қаражат бөлінді. Жер­гілікті атқарушы органдармен бірлесе құрылған, тек жоба түлектеріне ғана қызмет көрсететін 15 микроқаржы ұйы­мы жылына 6 пайыздық жеңіл­детілген мөлшерлемемен несие береді. Сонымен қатар не­сиені өтеу кезінде демалыс кезеңі де қарастырылған. Бұл қара­жат «Бастау Бизнес» қатысу­шыларына ғана мақсатты түрде жұмсалады. Мұны жобаның кезекті бір артықшылығы десе де болады. Биыл 22,5 млрд тең­ге көлемінде жобаларды қар­жы­ландыру қарастырылған», дейді Н.Әбілшайықов.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы микроқаржыландыру және жобаларды сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары Ринат Кемешов­тің айтуынша, несие алу үшін «Бастау Бизнес» жобасы­ның сертификаты және ке­піл мүлкіне қажетті құжаттар керек. Сондай-ақ банктерде мерзімі өткен берешек болмауы қажет.
«Кепіл ретінде салын­ғаны­на 50 жылдан асқан тұрғын үй­лер, сондай-ақ коммерциялық мақсаттағы жер учаске­лері қабылданады. Ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы егіс­тіктер мен жайылымдар, жылжымалы мүлік қосымша кепіл ретінде қабылдануы мүмкін. Несие жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Мик­рокредитті 5 жылға дейінгі мер­зімге рәсімдеуге болады. Ал мал шаруашылығы саласын­да­ғы жобаларға арналған мик­ро­несиенің ең ұзақ мерзі­мі – 7 жыл», деп нақтылады Р.Кемешов.
Белгілі болғандай, ауылдық елді мекендер мен шағын қала­лардың өкілдеріне 2,5 мың айлық есептік көрсеткіш көле­мінде несие рәсімдеуге мүмкіндік бар. Бұл дегеніміз – 7 292 500 теңге. Қалалар мен моноқалалардың тұрғындарына 18 960 500 теңгеге дейін (6,5 мың айлық есептік көрсеткіш) несие алуға болады. Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларына белгіленген ең жоғары сома – 8 мың айлық есептік көрсеткіш немесе 23 336 000 теңге.
Атап өтерлігі, несие рәсім­деу кезінде ешқандай сала­лық шектеулер жоқ. Оны айналым қаражатына да, мал жем­деуге де пайдалануға болады. Алайда микронесие тұты­ну­шылық мақсатқа, бұған дейін алған несиелерді өтеуге, несие берешегін қайта қаржы­лан­дыруға, жылжы­майтын тұрғын үйге, жеке тұр­ғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға жұм­салмауы керек.
«Биыл «Бастау Бизнес» тү­лек­терінің өз ісін ашуы нәти­жесінде бюджетке 1,5 теңге млрд салық түсті. Мемлекет тарапынан берілетін несиелер 5 мыңға жуық жаңа кәсіп­орын­ның ашылуына ықпал етеді деп күтілуде. Сонда шама­мен 10 мыңға жуық жаңа жұ­мыс орны құрылады. Алға қо­йыл­ған жоспарлар орындалса, салық төлеушілердің де қа­тары кө­беймек», дейді Н.Әбілшайықов.
Деректерге сүйенсек, 2017-2020 жылдары «Бастау Бизнес» жо­басы бойынша 151 528 жұ­мыссыз және өзін өзі жұмыс­пен қам­тыған адам кәсіпкер­лік негіз­дерін меңгерген. Олар 4 жыл­да 44 362 жобаны іске қо­сып­ты. 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.
Жобалардың 36 пайызы шағын несиелердің көмегімен, қалған 64 пайызы «Еңбек» бағ­дар­ламасы аясындағы грант­тық қаржыландыру есебінен жүзеге асырылған. Олардың 59 пайызы немесе 26 132-сі ауыл шаруашылығы саласы­на қа­тысты. Ал қызмет көрсету, сау­да және өндіріс салаларының үлесі – 41 пайыз немесе 18 231 жоба.
Былтырғы эпидемиялық жағдайға байланысты «Бастау Бизнес» жобасы онлайн формат­қа ауыстырылғаны белгілі. Қазір онлайн оқыту арнайы әзір­ленген Atameken Academy плат­формасында жүргізілуде. Биыл 30 мың жұмыссызды оқыту жоспарланған. Олардың ішін­де NEET санатындағы жас­тар, жас отбасылар, аз қам­тыл­­ған және көпбалалы отба­сылар­дың мүшелері, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандар бар.
«Atameken Academy плат­фор­масындағы оқу 26 сәуірде басталды. Бүгінге дейін төрт оқу курсы тәмамдалды. Барлы­ғы 30 188 адам оқып шықты. Осы жылдың 16 тамызында соң­ғы – бесінші лектегі оқу бас­­­талды. Дегенмен біз қа­зір­­дің өзінде-ақ жоспарды то­лық орын­дадық. Бұған өңір­лер­­дегі оқу­ға деген нақты қажетті­­лік се­беп болды», дейді Н.Әбіл­шайықов.
«Бастау Бизнес» жобасының Павлодар өңіріндегі биз­нес-тренері Ақмарал Сайтқұлова­ның айтуынша, жобаға қатысу үшін алдымен Жұмыспен қам­ту орталығына барып тіркелу шарт.
«Оқу мерзімі – 21 күн. Осы уақыт аралығында қа­ты­су­шыларға 50 бейнежазба көр­сетіледі. Олар түрлі бағыт бо­­йынша 12 модульдік сабақ өте­ді. Әсіресе менеджмент, мар­кетинг, салық салалары­на ба­сымдық беріледі. Элект­рон­ды коммуникациялар туралы да айтылады. Ең бастысы, қатысушылар бизнес-жоспар жасауды үйренеді», дейді А.Сайтқұлова.
«Атамекен» ұлттық кә­сіпкер­лер палатасының өкіл­­дері ұсынған мәліметке сүйенсек, биыл оқуды аяқтаған­дар­дың 19 261-і немесе 64 па­­йызы – жұмыссыз, 8 733-і не­­месе 29 пайызы – өзін өзі жұ­­мыс­­­пен қамтығандар, 2 194-і не­месе 7 пайызы – ісін жа­ңа бас­­та­ған және нақты кәсі­бі бар кәсіпкерлер.
Қатысушылардың 14 756-сы әлеуметтік осал топтарға жатады. NEET санатындағы жас­тардың үлесі – 8 630 адам. Кәсіпкерлік негіздерін меңгергендердің 3 446-сы – көп­балалы отбасылардың өкілдері, 1 902-сі – аз қамтылған отбасыдан шыққандар, 778-і – еңбекке қабі­летті мүгедектер.
Биыл оқу курстарынан соң 8 469 жоба жүзеге асырылды. Бұл осы жылға арналған жос­пар­дың 94 пайызын құрайды.

19 тамыз 2021 ж. 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031