» » «Бастау» жобасын 2181 азамат онлайн оқыды

«Бастау» жобасын 2181 азамат онлайн оқыды

«Бастау» жобасы өткен жылдан бастап онлайн өткізілуде.  Жоба аясында 2020 жылы Қызылорда облысы бойынша 2150 адамды оқыту жоспарланған болатын. Қорытындысымен 2181 азамат сертификат алды. Олардың 1966-сы «аяқтағаны туралы», 205-і «қатысқаны туралы құжатқа ие болды», - дейді Палата басшысы.
Өткен жылы жоба аясында оқыған азаматтардың ішінде жалпы сомасы 422,1 млн теңгені құрайтын 746 қызылордалықтың жобасы қаржыландырылған. Оның 411,2 млн. теңгені құрайтын 741 жобасы мемлекеттік грант есебінен қаржыландырылса, 10,9 млн.теңгені құрайтын 5 жоба мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізген.
Айта кету керек, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша «Бастау» жобасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Курсқа қатысушылар 21 күн ішінде өз біліктіліктерін арттырады және арнайы бизнес-жаттықтырушылардан бизнесті ашу және жүргізудің қыр-сырын үйренеді.
Өткен жылы жоба 10 маусымда басталып, Қызылорда қаласы мен облыстың 7 ауданында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында өткізілді. Елде төтенше жағдай жариялануына және карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты оқытудың кейбір ерекшеліктері болды. Оқу карантиге орай онлайн жүргізілді. Егер тыңдаушы белгілі бір дағдылар мен білімге ие болса және бейне сабақтарына тапсырмаларды сәтті орындаса, ол оқуды ертерек аяқтай алды.
Жобаға қысқаша сипаттама берсек, курс 12 модуль бойынша 50 танымдық бейне сабақтардан және өз бетінше орындауға арналған тапсырмалардан тұрады. Барлығы 9 тапсырма. Оқу процесі аяқталған кезде тыңдаушы қорытынды тестілеуден өтеді. Тыңдаушы мүмкін болған 15 баллдан 9 (60%) және одан да көп балл жинауы керек. Осыдан кейін ғана оған бизнес-жоспар құрастырушысы ашылады. Бизнес-жоспар үшін ең жоғары баға 30 балл. Курс бойынша сертификаттың екі түрі беріледі: «аяқталғаны туралы сертификат» және «қатысқаны туралы сертификат». Сертификаттың соңғы түрі жеңілдетілген пайызбен несие алуға немесе мемлекеттік грантқа қатысуға құқық бермейді. «Аяқтағаны туралы сертификатты» алу үшін қатысушы 60 % (18 балл) және одан жоғары балл жинауы қажет. Егер қатысушы бизнес-жоспарды тексеру нәтижелері бойынша шекті балл жинамаса, ол «қатысқаны туралы сертификат» алады. Қатысушының бизнес-жоспарды портал арқылы қайта тапсыруға 2 мүмкіндігі бар.
Қызылорда облысы
20 қаңтар 2021 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 262

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930