» » Ауыл әкімі "Береке" шаруа қожалығына барды

Ауыл әкімі "Береке" шаруа қожалығына барды

Аудан тұрғындарын көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған шаруашылықтың бірі "Береке" шаруа қожалығы. Басшысы Камил Арифов. Бүгін ауылдық округ әкімі Нурлыбек Сайымов аталған қожалықтың бақшалығына барып, дала төсін дүбірге бөлеген қызу еңбектің барысымен танысты. Құрылғанына 20 жылға жуық уақыт болған қожалық биыл 5 га жерге егін екті. Оның 3 га картоп, 1 га қызанақ, 1 га сәбіз, қияр, бұрыш т. б. Өнімдер Жосалы және Төретам кентінің тұрғындарына нарық бағасынан төмен бағада ұсынылып келеді.
Бақытын еңбектен тапқан диқан ауыл әкіміне елдегі орын алған пандемия, су тапшылығы, тұқымның қымбаттауы сияқты қиыншылықтар шаруашылықты айналып өтпегенін, соған қарамастан шүкір ететінін айтып, бақшаны соңғы рет суару жұмыстары жүргізіліп жатқанын, сәтін салса он күндікте өнімдерді жинау жұмыстарына кірісетінін жеткізді. Ауыл әкімі шаруашылық жетекшісіне өтпелі кезеңнен жеңіл өтіп, өнімдерді ысырапсыз жинап алуға тілектестігін білдірді.

11 тамыз 2021 ж. 719 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930