» » Өшпеген із

Өшпеген із



              Қазақ  халқы  тумысы  ерекше  талант   иелеріне  қай кезде де  кенде  болмаған. Соның бірі  де  бірегейі – Көшеней Рүстембекұлы. Ол  даңқты жырау  Жиенбайдың  немересі, жыр  бұлағы  атанған  Рүстембектің   ұлы ғана емес, Сыр елінің  саңлақ  сүлейлерінің    сара жолын  ұстанған  тұлғалы  ізбасары.
                Қырағы  көз, көкірегі  зерек  ғұлама  ғалымдар мен   өнертанушылардың  көзіне  ерте  түскен  Көшеней  дәстүрлі  жыраулық  өнер  арқылы  тек  оны  орындаушылық  шеберлікке  ие  болып  қана  қоймай  жоғалып, жойылып  кету  қаупі  алдындағы  жыраулық  өнерді  ғылыми  жүйеге  келтіріп  негіздеу  бағытындағы  ғалымдардың  қатарына  кеп  қосылған  зор  үміт  иесі  еді. Қазақ  әдебиетінің   классик  жазушылары  Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов  және  өнертанушы  ғалымдар  Х.Көроғлы, М.Байділдаев, О.Нұрмағамбетываның, сол кездегі  Мәдениет  Министрі  М.Базарбаевтың, күйші  композитор  Н.Тілендиевтің  сүйіспеншілігіне  бөлене жүріп  жиырма  бес  жасында  Мәскеу  қаласындағы  М.Горький  атындағы  бүкіл  дүниежүзілік  әдебиет  және  өнер  институтына  аттанған  арманшыл  сәті  болатын. Мәскеуғе барған  соң да  шығыстанушы  ғалым  Н.Покровскаяның   қолдауы мен  қамқорлығына  бөленген  ол  бұл  өнер  жолының  күрделі  соқпағына  белін  бекем  буып  түскен еді.  Оқып  жүріп  те  «Қобыланды», «Қыз  Жібек» жырлары  мен  «Көроғлы»  дастандарын, Шораяқтың  Омарының, Тұрмағамбеттің,  Ешнияздың, Кете  Жүсіптің  шығармаларын  жаттап  өсу, шындалу  мектебінің  сабақтарың  қалт  жібермей, өзін-өзі  тастүлек  қыранша  баулуға  кірісті.
                 Сол кездегі  Қазақстанда  өтіп  жататын   ауқымды  шараларға  уақыт  тауып, оқуының  арасында  келіп  қатысып  тұрған  ол  Ж.Жабаевтың  125  жылдығында  құрметке  бөленіп, көп  ұзамай  Москва  киностудиясының  режиссері  Б.Мансуровтың  «Ас» фильміне  түсуге   шақырту  алды.  І.Жансүгіровтың   «Құлагер» поэмасының  мазмұнымен  түсірілген  фильмде  Арқада  серілігімен  аңызға  бергісіз  ғұмыр  кешкен  Ақанның   аманатын  арқалаған   мұрагер  ұрпағы  бейнесінде  түсірілімге  қатысқан  Көшеней  өзін  актерлік  жағынан  да  өсіруге  ниетті  екенін  көреміз. «Жігітке  сегіз  өнер де  аз» деген  халқымыздың  ұлағатына  сусындап  өскен  өнерпаз  жыршы  ғана  емес, халық  композиторлары  мен  халық  әндерін  тамылжыта  орындайтын  әнші  де. Атақты  жыршы  Ж.Кәрменовтің  «Халық  әні  «Гүл-гүлді»  Көшенейдей  орындаған  әншіні    көргенім  жоқ»  деуі, оның  әншілік  табиғатына   берілген  баға  болса  керек.
         Көшеней  Рүстембекұлының  келесі  бір  өнері – оның  ақындығы. Ақын  Б.Батырбековамен  айтысындағы  :
         Мен  едім  көкке  бойлай   жанған  жалын,
         Тыңдамас  қиыңдықтың  ықты  жарын.
         Жиенбай  жырау  атам  асқақ  жырмен,
         Халқынан  аямаған  тіл  мен  жағын,-
деп  аталатын  өлең  жолдарынан  ой  тұнықтығын,  сезімнің  шалқып  жатқан  айдынын  көреміз.Домбырадан  бөлек  баянда  шебер  ойнап,  мондалина,балалайка  аспаптарында  да  жақсы  ойнай  білетін  өнер   иесі  өзге  ұлт  өнеріне  де  бей-жай  қарамаған  сияқты.  
         Көшенейдің  Мәскеу–Өзбекстан, Мәскеу–Қарақалпақстан, Мәскеу–Қазақстан  болып  жалғасқан  өмірінің  соңғы  сәтіндегі  сапарлары  өзінің  елге  жазған «күнделік-хаттар»  деп  аталатын  жазбаларында  көп-ақ. Ондағы  сапарларының  мақсаты  айқын. Әсіресе  Өзбекстанның  Тамды, Кинемех, Үшқұдық, Нұра  аудандарында  қазақтардың  көп  шоғырланған  өңірлерінде  болып, сол  аймақтардағы  көнекөз  қариялар  мен   жыршы-жыраулардың  мақам-машығын, әңгімелерін   тыңдап  олардағы  ерекшелік, ұқсастық, жаңашылдыққа  көп  көңіл  бөлген. Мәскеуде  алып  жатқан  Көшенейдің  арманындағы  білімді  оның  мезгілсіз  қазасы  үзді. Алар  асулары, шығар  шыңы, биік  жастың  ауыр  қазасын  қазақ  халқы, Мәскеудегі   шығыстанушы  ғалымдар  мен  оқутышылар, өнертанушылар  күйзеле  қабылдады. Небәрі  жиырма  жеті  жасында   дүние  салған  Көшеней  Рүстембекұлының   арманы   асқақ, өнер  болашағына  берер  мұрасы  мол  еді.
             Ат  тұяғын  тай  басар  заманды  көп  күттік. Арада  көп  уақыт  өткен  соң   ғалым, өнер  жанашыры  М.Байділдаев   келесі  ұрпақты  тәрбелеуге  қол  жеткізді. Ол – Алмас Алматов  еді. Көшенейдің  арманы  болған, оның  жетпей  кеткен  биіктеріне  Алмас  ұмтылды, ұлан   асуға  қадам  басып, дәстүрлі  жыраулық  өнердің  бағзы  заманынан  бастап  бүгініне    көз  жіберіп, ой елегінен  өткізуге  кірісті. Оның  нәтижесін   ел-халқымыз  көріп  келеді.
         Иә, қазақтың  күміс  көмей   Көшенейінің  мұралары  ел  тәуелсіздігінің  тұсында  Тұңғыш  Елбасы  Н.Назарбаевтың  қабылдаған  «Мәдени  мұра» бағдарламасы  аясында  түбегейлі  қолға  алынып, 2006  жылы  жыраудың  60  жылдық  мерейтойы  кезінде  аудан  орталығынан  К.Рүстембекұлы  атындағы  Жыраулар  үйі  ашылып, алдына  еңселі  ескерткіші   орнатылды.  «Жұлдыз  боп  аққан  жыр  ғұмыр»  атты  ғұмырнамалық   кітабы   шығарылды. Ашылған  жыраулар  үйі   желісінде  төрт  жыраулық  сыныптар  жұмыс  істеп, онда  жүзге  жуық   шәкірттер  тәрбиеленді. Бүгінде  осы  сыныптар  қатарына  ақындар  сыныбы, күй  сыныбы  қосылды. Ол  сыныптарда  К.Рүстембекұлы  атындағы  жыраулар  сыныбын  бітірген  С.Әділбеков, Г.Құрақбаева  сынды  шәкірттер  ұстаздық  етуде. Республикамыз  бен   халықаралық    байқауларға  дәстүрлІ  жыраулық   өнерімен  қатысып  жүрген  Т.Бақытова, А.Оңғарқызы  бүгінде  танымалдық  дәрежеге  ие  болып  Жыраулар  үйінің   үлкен  жетістігінің  көрсеткіші  болып  жүр. Сыр  өңірінде   үш  бірдей  жыраулық  өнер  ошақтарының  негізі  бар. Олар Шиелі  ауданындағы   Нартай  мектебі, Аралдағы  Нұртуған  жырау  мектебі, Қармақшыдағы  Жиенбай  жырау  мектебі. Жиенбай  жырау  мектебінің  негізінде  құрылған, бүгінде  жұмыс  жасап  отырған  К.Рүстембекұлы  атындағы  Жыраулар  үйіндегі  үлкен  ерекшелік – мұнда  Жиенбай  жыраудың  ұрпағы, Рүстембектің   ұлы,  Көшенейдің  інісі – Бидас  Рүстембекұлының  шеберлік  сыныбы  бар. Мұнда  дәріс  алған  әрбір  шәкірттің   Жиенбай  жырау  мақамын  түпнұсқадан  үйрене  алу  мүмкіндігі  мол.
    Бүгінде  аудандық, облыстық  әкімдік  пен  мәдениет  басқармаларының  қолдауы  мен  қамқорлығына  алынған  К.Рүстембекұлы  атындағы  Жыраулар  үйінің  материалдық   техникалық   базасы  заманауи  үлгіде  нығайып, дәстүрлі  жыраулық  өнер  сабақтарын  беруде  ұстаздар  мен  ондағы  қызметкерлердің  іс-тәжірбилері   молайып  келеді. Қазақстанның  өңір-өңірлерінен  халқымыздың  ұлттық  кодының   бірі  болып  табылатын  дәстүрлі  жыраулық  өнер  мектептерін  ашам  деушілерге   үлгі  нұсқа  болар  жайттар  К.Рүстембекұлы  атындағы  Жыраулар  үйінен  табылады.
         Міне, үстіміздегі  жылдың  22  тамызында  75  жасқа  толатын  Сырдың  саңлақ  сүлейлерінің  ізбасары, дәстүрлі  жыраулық  өнердің   жұлдызы  бола  білген Көшеней  Рүстембекұлының    қысқа  ғұмырында  артына  қалдырған  ізі  Жыраулар  үйінде  тәрбиеленіп  шыққан  мыңдаған  шәкірттері  барда  өшпек  емес.
Талайлы  ТӨРЕБАЙҚЫЗЫ
         Тараз  қаласы
10 тамыз 2021 ж. 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031