» » Тиянақты адамның еңбегі де көрікті

Тиянақты адамның еңбегі де көрікті


Ел егемендік алды. Тәуелсіздікпен бірге отыз жылда бағы жанғандарды да, өмірден өз орнын алғандарды да, сара жол салғандарды да мақалаға арқау етіп келеміз. Шілденің соңғы жексенбісі сауда саласы қызметкерлерінің төл мерекесі еді. Қандай мақала дайындауға болады деп жүрдік. Ойдан ой туады.  Бала кезімізде мектеп пен үйге барар жолдың ортасында дүкен бар-тын. Қай кезде барсаң да аласа бойлы, ақшыл өңді бір сатушы апа тұрады. 9-да ашылатын дүкен 9.00-де ашылады. Уақытынан кешікпейді, себепсіз жабық тұрмайды.  Аралас сауда дүкені деген маңдайында жазуы болмаса аты жоқ. Ауылдастар «Шәрипа апа» дүкені деп атап кеткен. Жақында туған ауылым Ақтөбеге бардым. Оны-мұны керек болып қайдан алсам екен деп тұрғанымда «Шәрипа апаң» ашық тұр деді үйдегілер. Қора артындағы арықты бойлай дүкенге келдім. Бір қапталда ұн, қант қаптап тұрса, бұрынғыдай емес дүкенде керегіңнің бәрі табылады. Айтпағым дүкен емес осы дүкенде ұзақ уақыттан бері сатушы болып келе жатқан Шәрипа Досмаханова туралы. Сол бала күні есімізде қалған бейне, сол болмыс. Мүлде өзгермеген. Ескі иілгіш таразы, шот.
Аудандық тұтыну кооперативіне қарасты мұндай дүкендер әр ауылда бар. Ал Шәрипа Досмаханқызының бұл жұмысқа  орналсқанына 50 жылға жуықтаған. Зейнеттік демалысқа шықса да кәсібінен қол үзбей келеді.
– Мектеп бітіргеннен соң кооперативті училищеге оқуға түстім. Оқып жүріп ауыл дүкеніндегі сатушы Моншақ апаның жанына көмекші болып жұмысқа орналастым. Ұмытпасам 1972 жылы болуы керек. Содан бері үзіліссіз осы дүкенде еңбек етіп келемін. Тәуелсіздікке дейінгі, кейінгі өмірді көрдік. Дүкенге санаулы ғана, кейде көлік-көлік боп тиеліп зат келетін кездер болды. Үй басына 2 дана сабыннан ғана берілетін сәттерді де өткіздік. Бастысы халыққа аса қажетті ұн, қант, май, шай еді. Күнның суығында жылусыз, ыстығында мұздатқышсыз отырдық. Қазір халықтың сұранысының қанағаттандыруға тырысамыз. Керегінің бәрін осы дүкеннен тапса екен деп жұмыс жүргізіп жатқан жайымыз бар. Жасым 70-ке жақындады. Енді демалуға болатын шығар деп ойлам қоямын кейді. Аудандық тұтыну кооперативінің меңгерушісі Үрзада Бекмырзаевамен қоян-қолтық қызмет етіп келеміз. Ауданда ұзақ жылдан бері бір дүкенде сатушы болып еңбек еткендер жоқ емес. Солардың қатарында болғаным үшін талай мақтау қағазы бен марапат бұйырды. Еңбек ескерусіз қалмады, – дейді аз-кем әңгілескенде сатушы апай.
Саудагерлердің адалдығы, ісінің берекетімен көрінеді. «Маңдай термен тапқан нан тәтті» деген мақал кәсіптің адалдығын меңзесе керек. Тиянақты адамның еңбегі де көрікті. Сауданың қыр-сырын меңгерген ол отбасымен ойласа келе, жақында ауыл ішінен өз алдына шағын дүкен ашыпты. Дүкеннің сөрелерінде тұтынушыларға қажетті азық-түлік өнімдерімен қатар, күн­делікті тұрмысқа қажетті заттар да молынан жайғастырылған. Олардың бағасы да қолжетімді. Кәсіпкерліктің көзін тапқан жан еңбексүйгіштігінің арқасында шаңырағының берекесін осылайша кіргізіп отыр. Өмірдің ыстық-суығын бірге көріп, отбасының тірегі болған жұбайы Тоқмырза әкеміз де еңбектің адамы. Күні кешеге дейін бақша екті. Елде отырып төрт-түлік ұстамауға тағы болмайды. 3 бала өсіріп, ұл-қыздарынан немере сүйіп отыр. Алла қуат берсе әлі де еңбектене түсеміз дейді олар.
Әңгіме сөзбен шаруасы жоқ, жұмысына жауапты сатушының уақытын көп алуға тырыспадым. Себебі сауда жасауға тұтынушылары келіп кезек күтіп тұр еді. Кеңес Одағы тұсынан келе жатқан таразысымен қантты өлшеді де, бағасын шотпен есептеп жатты.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
10 тамыз 2021 ж. 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 347

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 429

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930