» » Құс шаруашылығы өрісті кеңейтпек

Құс шаруашылығы өрісті кеңейтпек

Елді мекендердің тіршілігін нарыққа бейімдеу керек. Мәселен, қоңсы қонған Ақтөбе ауылында құс фабрикасын іске қосу жоспарлануда. Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы құрылысы бойынша біршама жұмыс атқарды.
Кәсіпорынның іске қосылуы ауданда азық-түлік өндірісін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар жем қорын дайындауға, қажетті дақылдар егіп, көлемін арттыруға, сол арқылы егіс саласын әртараптандыруға ықпалын тигізеді. Мәселен, кешенді нысанның жұмысы үшін құс азығына күніне 20-22 тонна дақыл керек. Айына 600 тонна құс жемінің қажеттілігі туындайды. Әдетте құс шаруашылығына соя, зығыр, жүгері секілді өнімдер қажет. Фабрика пайдалануға берілгеннен кейін солай жеммен қамтамасыз ету мәселесі өздігінен туындайды. Сондықтан серіктестік құрамы жем зауытын салуды қолға алған. Бұл жоба жем дайындауға қажетті дақылдарды егуге де жол ашады. Ал серіктестік төрағасы Нұрлан Іздібаевқа құс фабрикасын салу туралы идея шаруашылыққа инкубатор алу ниетінен басталған.
– Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін өндірістің болашағынан зор үміт күтудеміз, – дейді кәсіпкердің өзі. Негізгі бағыты бройлер балапандарын өсіру және құс етін өндіру. Жобаның жалпы құны 1,9 млрд  теңгені құрайды екен. Серіктестік басшысы Нұрлан Іздібаевтың айтуынша, бройлерден неғұрлым сапалы ет алынады.
– Құс еті мен жұмыртқасының адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Бір ғана жұмыртқаның өзінде 13 түрлі витамин болса, олардың барлығының да адамның өсіп қалыптасуына, ми қызметінің дамып, көздің көру қабілетіне тигізер әсері зор. Бүгінде ішкі нарықта сырттан тасымалданатын құс еті мен жұмыртқасы дүкен сөресін толтыруда. Құс фабрикасының ашылуы, сонымен бірге халықты жұмыспен қамтып, әл-ауқатын түзеуге де сеп болмақ. Ауданымызда ашылатын құс фабрикасы аудан көлемінде ғана емес облыс, республика деңгейінде халық сұранысын қанағаттанадырады деген сенім бар. Ал, ұсақ құс өсірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер қазіргі таңда тек құс жұмыртқасын нарыққа ұсынып, халықты сапалы жұмыртқамен қамтуда. Ауданда тауық, үйрек, қаз секілді құстың үш түрінің жұмыртқалары өндіріледі, – дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары.
Мемлекет басшысы Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында құрылысы басталған «Қармақшы құс» фабрикасының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайды. Жақында ғана аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы Ақтөбедегі жұмыс сапарында құс фабрикасының тыныс-тіршілігімен танысты. Егер құс фабрикасы іске қосылған жағдайда 70-ке дейін жұмыс орыны ашылып, жергілікті жұмыссыз азаматтарды тарту көзделуде. Бүгінде құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 1,2 млрд теңгені құрады.
Аталған қаржыға құс фабрикасының әкімшілік және бақылау-өткізу пунктінің, 6 құс цехының және инкубациялық цехтың құрылыс жұмысы, құс сою цехының металл конструкциялық жабынын монтаждау жұмыстары жүргізіліп, құс фабрикасының аумағы қоршалған. Сондай-ақ, биыл құс фабрикасын іске қосу мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында электр және сумен жабдықтау желілері, кәріз су желілерін жүргізу үшін 400 млн теңгеге жуық қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылған.
Құс алып оны баптаған әлдеқайда тиімді. Мәселен, сырттан импортталған тауық етін алайық. Дүкен сөрелерінде толып тұр. Қайдан келгенін де білмейміз. Ал бағасы көңілге қонымсыз. Біреуін алсаң күнделікті ас мәзіріне жетпейді. Себебі, тұла бойы мұз. Мұз болған соң салмағы да ауыр болады. Пісіргенде әлгіндегі майлы еті «піш» болып қалады. Неге? Ең алдымен салмағынан ақы жеу үшін етке ауа мен су айдайды. Солай шығынға қалай батып жатқанымызды білмей де қаламыз. Егер сол құсты өзіміз өсіріп, баптасақ ше? Бір тауықтың өзі кем дегенде күніне 1 рет жұмыртқалайды. Бұл қалтаңызда аз да болса ақша қалды деген сөз. «Ақша тиыннан құралады» демекші, ақырындап құс санын арттырса. Кәсіптің көзін шағыннан бастап, оны дөңгелетіп әкетсе қандай ғажап.
Қош.  Қармақшы – аграрлы өлке. Өндірісі өрісті, алқабы ырысты, қамбасы күрішті өңірдің өркендеу жолында атқарылып жатқан жұмыстары аз емес. Ал құс өндіру қолға мықтап алынған. Тек іске қосып, нәтижесін көру ғана қалды.
Айнұр ӘЛИ
03 тамыз 2021 ж. 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 410

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 486

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930