» » АУДАНДА ҚҰС ФАБРИКАСЫ САЛЫНУДА

АУДАНДА ҚҰС ФАБРИКАСЫ САЛЫНУДА

Жоба 2016 жылдың 4 шілдесінде Қызылорда облысының индустриялдық инновациялық дамыту жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысында қаралып, Кеңес шешімімен Жоба «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасына енгізілді және инфақұрылым жеткізіп беру мәселесі қолдау тапты.
2016 жылдың 17 қазанында «Байқоңыр» ӘКК ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен жобаны қаржыландыру мәселесі бекітілді. Осы шешім негізінде «Қармақшы - құс» ЖШС Біріккен Кәсіпорны құрылды( Біріккен Кәсіпорындағы «Ақтөбе и К» ЖШС ның үлесі 51,0 пайыз және «Байқоңыр» ӘКК ҰК АҚ ның үлесі 49,0 пайыз)
2017 жылы жобаның ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы сметалық құны 1млрд 978,2 миллион теңгені құрайды.
2018 жылы облыстық бюджеттен («Байқоңыр» ӘКК ҰҚ) жобаны іске асыруға жоспарланған 558,6 миллион теңгенің 458 миллион теңгесі бөлініп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта,әкімшілік және бақылау - өткізу пунктінің ғимараттарының құрылысы, алты құс цехының ірге тасы қаланып, инкубациялық цехтың құрылыс жұмыстары 95 пайызға орындалды. Құс фабрикасының аумағы толық қоршалды.
Құс фабрикасына қажетті инфақұрылым жеткізу бойынша 2018 жылы ЖСҚ- әзірленіп, бюджеттік өтінімдер тапсырылды. Сұратылған қаржының 2019 жылы облыстық бюджеттен 50 миллион теңгесі бөлінді.
Құс фабрикасын 2019 жылы іске қосу жоспарланған. Кәсіпорынның іске қосылуы ауданда азық – түлік өндірісін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жем дайындауға, қажетті дақылдар егу көлемін арттыруға, осылар арқылы егін шаруашылығын әртараптандыруға өз ықпалын тигізетін болады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
26 шілде 2019 ж. 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 106

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930