» » Мерекеде баспана бұйырды

Мерекеде баспана бұйырды

3 баспананың 2-ші баспанасы 7 баланың анасы, қармақшылық Ұлболсын Төтебаеваға бұйырды. Қуанышты сәтте пәтерден-пәтерге көшкен жандардың көңілі шаттыққа толып, балалар алаңсыз асыр салып ойнап жүр.
Қайырымдылық істе ішкен асын жерге қоя сала білек сыбана кірісетін Әділет Айбытов қор еріктілерімен бірге тағы бір отбасының баспаналы болуына себепші болды. Гүлмира Мұқанқызының бастауымен кірпіші қаланған қор баспанаға зәру болғандарға тұрақ сыйлап, әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып келеді. «Алдымен Алланың, одан соң халықтың демеуімен бір отбасын қуанттық» дейді олар сөз арасында.
– Бізді Алла рақымына бөлеп, ұйымдастырған қордың бастамасымен халықтың арқасында өз үйіміздің кілті табысталды. Мұндай тосын сыйға тап боламыз деп мүлдем ойламадық. Қуанышымызда шек жоқ. Балаларым да тай-құлындай тебісіп ойнап жүр. Барлығы мәз-мейрам. Алдымен үй кілтінің біздің отбасыға табысталуы­на атсалысқан барша қайырымды жандарға алғаусыз алғысымды айтамын, – дейді көпбалалы ана.
Ал қордың аудандағы еріктілер тобы жетекшісінің айтуынша, бар жақсылық Алланың разылығы үшін жасалады. Әсілінде жастардан, еріктілерден қолдаушылар бар, жақсылыққа бірге атсалысып, сауаптан құр қалмай жүргенін алға тартады ол.

Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ

31 шілде 2021 ж. 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031