» » Басты мақсатымыз – коронавирус індетімен күрес

Басты мақсатымыз – коронавирус індетімен күрес



Қазіргі таңда коронавирус індетімен күресудің бірден-бір жолы вакцина алу болып табылады.
Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алуымыз керек. Бүгінгі таңда індеттің өршуі жай ғана мәселе емес, біздің шешуіміз тиісті үлкен маңызды міндет болып отыр.
Аурудың тарауы арқылы азаматтарымыздың денсаулығына зиян келіп, өлім жағдайына дейін тіркелуіне жеткізді.
Сондықтан салғырт қарауға болмайды. Сақтансаң ғана сақтаймын деген нақылды естен шығармайық ағайындар!
Қазіргі өшіріген індетке қарсы тұрудың жолы вакцинация. Яғни екпе алу арқылы тек өз өміріңді ғана емес, жақыныңа жанашыр бола аласың. Аудан тұрғындарының баршасына вакцина салдыруға шақырамын. Бұл өзіңізді, ата-аналарыңыз бен жақындарыңызды қорғау үшін қажет.
Бүгінде індеттің таралуы бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Оған қоса бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, сақтық шараларына салғырт қарай бастады. Бұл жағдайлар індеттің бетін ушықтыра түсуде. Күнделікті ауруханаға 10-нан аса науқастар тіркелуде.
Осы ретте Жосалы кентіндегі бірқатар кәсіпкерлік нысандарына санитарлық талаптардың сақталуына байланысты үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.
Сонымен қатар аудан көлемінде эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты аудандық мониторингтік топ мүшелері коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына қарсы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылау жүргізуде.
Жүргізілген рейд жұмыстары барысында Жосалы кенті орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандар араланып, кәсіпкерлерге ескертулер жасалды.
Цифрлық шешімдерді жедел қолдану карантин жағдайындағы шектеулер кезінде халықтың қарым-қатынасын реттеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, ASHYQ жобасының аясын ұлғайтуымыз керек. Сондықтан бұл жұмыс төңірегінде бақылау күн тәртібінен түспейтін болады.

Жарқын ОМАРОВ,
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары

29 шілде 2021 ж. 818 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031