» » Саулық сақтықта екенін естен шығармайық

Саулық сақтықта екенін естен шығармайық


ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Карантин кезіңінде ауданымызда коронавирустық инфекциясының алдын алу және оны таратпау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Аймақта карантин режимі сақталғанымен, кейбір азаматтар өз қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтамай жүр. Соның салдарынан COVID-19 ауруын жұқтыру оқиғалары жиеледі.
Бірінші кезекте тұрғындар маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты қарапайым талаптарды орындауы қажет.
Көбінде адамдарда коронавирус жұқпасы айқын ауру белгілерісіз өтуде. Аурудың айқын белгілері болмауының қауіптілігі - жұқтырған адам инфекция көзі болып табылады. Инфекция жұқтырған адам ауру туралы білмей, басқаларға жұқтыруы мүмкін. Бұрын тек жасы үлкен адамдар ғана инфекция жұқтыру қаупі жоғары деген қате түсінік қалыптасқан еді. Бұл теріс пікір.
Бүгінде аталған ауру жас таңдамайтынына көз жетіп отыр.
Карантин режимін жеңілдету туралы шешім қабылдау үшін бір ғана нәрсе қажет - қауіпсіздік талаптарын сақтау. Бұл қиын емес.
Басты мақсат - көп адам шоғырланған жерлерге бармай, талаптарды қатаң сақтау. Қазіргі таңда маскалар мен антисептиктер сатылымда жеткілікті.
Осы жағдайларды ескере отырып, аудан әкімі және жедел штаб басшысы ретінде, ауданымызда карантин талаптарын тиісті деңгейде сақталуы керек.
Біздің ортақ мақсатымыз - инфекциядан біржолата толықтай құтылу.
Осы ретте айтарым әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз. Сол себепті де, ауданымыздың барша тұрғындарын коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын.
Вакцинация аурудың таралуымен күресудің ең тиімді және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың сенімді әдісі болып қала береді.
Барлық аудан тұрғындарына санитарлық талаптарды қатаң сақтауға және вакцина алуға кеңес беремін.
Жақынымызға жанашыр болайық!
Саулық сақтықта екенін естен шығармайық!

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков

30 сәуір 2021 ж. 722 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930