» » COVID-19 дағдарысы кезінде балаларды қорғауды күшейтуге шақырады

COVID-19 дағдарысы кезінде балаларды қорғауды күшейтуге шақырады


COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық әсері бүкіл әлем бойынша миллиондаған балаларға апатты салдар әкелуі мүмкін. БҰҰ бүкіләлемдік дағдарыс жағдайында дүниежүзіндегі балаларды қорғау бойынша шұғыл іс-әрекеттер жасауға шақырады. Біздің аймақта өкінішке қарай, балалар арасында коронавирус жұқтырушылар қатары күн санап артып барады. Бұл көбіне ата-аналардың жауапкершілігі төмен болғандығынан. Өйткені, карантин режимін сақтамайды.
Дегенмен, ерекше қатер тобындағылар – бұл жаңа туған сәбилер мен 1 жасқа толмаған балалар. Себебі егде адамдар сияқты олар вирустық инфекциялардың ауыр түрлеріне бейім.
Балаларда коронавирустық инфекция жоғары температурамен, құрғақ жөтелмен, ентігумен білінеді. Сонымен қатар, балада тыныс алудың қиындауы, оның тамақ пен сүйықтықтан бас тартуы, сондай – ақ мінез – құлқының өзгеруі секілді ауыр симптомдар байқауы мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде баланы педиатрға көрсету керек. Балаларда ауру жеңіл өтеді дегенмен, коронавирус жұқтырған балаларға да қажетті санитарлық нормаларды сақтаған жөн. Өйткені олар да вирус тасымалдаушысы бола алады.
Балалар жеке гигиеналық талаптарды қатаң сақтау қажет. Бұл кез келген инфекциялық аурудың алдын алу жолы саналады. Жеке гигиеналық талаптар әр азаматтың өмір сүру салтының бір бөлігіне айналғаны анық. Соны одан ары қарай ұстана беруіміз қажет. Қолды кемінде 20 секунд сабынмен жуу, көп адам шоғырланған жерде маска тағу, антибактериалды ерітінділермен қолды жиі өндеп отыру, түшкіру, жөтелу кезінде респираторлыэтикет қағидаларын сақтану керек.
Балалардың иммунитетің жоғарылатуға арналған шараларды ұстану, күндізгі және түнгі ұйқының балансын сақтау, дәрумендерге байытылған дұрыс тамақтану рационын сақтау, керек. Балалардың топ болып ойнауына шектеу қоюға тырысу керек. Балалар - бұл біздің болашағымыз, біз оларды қалай тәрбиелеп өсірсек, түсіністікпен қабылдасақ, олардың келешек тағдыры соған байланысты болады.Құметті ата-аналар карантин ережелерін қатан сақтайық,сонда біз инфекцияны жеңіп,бұл індетті жеңеміз.«Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткішке (1 АЕК - 2778 теңге / 30 АЕК - 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен (638 940 теңге) жоғары сомаға тартылатындығын ексертеді.

Қармақшы аудандық ТКҚСҚББ санитарлық гигиеналық қадағалау және
Техникалықрегламенттер талаптарын сақталуын бақылау
бөлімінің басшысы К.Медеуова
23 шілде 2020 ж. 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031