» » COVID-2019: тесті тегін тапсыратындардың тізімі

COVID-2019: тесті тегін тапсыратындардың тізімі

Вирустық инфекцияның белгісі бар адамдар, ауруханаға шұғыл жатқызылатын науқастар, медицина мамандары, әскери міндеттілер мен мемлекеттік шекарадан өтетіндер коронавирусқа тесті тегін тапсырып отырады.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа тегін тест тапсыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Министрдің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаеваның айтуынша, бас санитар дәрігердің қаулысында клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша коронавирусқа міндетті тест тапсыру шарасы қарастырылған.

"Оған коронавирус инфекциясымен ауыратындар, өткір респираторлық-вирустық инфекция, тұмау мен пневмония белгілері бар науқастар кіреді. Бұл дегеніміз, егер науқаста өткір респираторлық-вирустық инфекцияның белгісі болса, онда ол міндетті түрде тегін тестілеуден өтеді", - деді Ақтаева онлайн брифингте.

Ол коронавирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандар да тест тапсыратынын атап өтті. Сондай-ақ, ауруханаға шұғыл жатқызылатын науқастардан тегін сынама алынады.

"Медициналық-әлеуметтік мекемелерге жатқызылатын адамдар да міндетті түрде тест тапсырады. Бұдан бөлек, медицина мамандары, әскери міндеттілер және мемлекеттік шекарадан өтетіндер бар. Осы адамдардың барлығы коронавирусқа тесті тегін тапсырып отырады", - деп түйіндеді Ақтаева.

19 маусым 2020 ж. 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930