» » Коронавирус: аурудың жеңіл формасы қандай және ол байқалса не істеу керек?

Коронавирус: аурудың жеңіл формасы қандай және ол байқалса не істеу керек?

Денсаулық сақтау министрі міндетін уақытша атқарушы Ләззат Ақтаева COVID-19 вирусының жеңіл формасы қандай болатынын айтты.
Алдымен ол коронавирус инфекциясы жеңіл, орташа ауыр және ауыр деп бөлінетінін атап өтті. Оның айтуынша, үйдегі бақылауда симптомсыз және жеңіл формасы байқалған науқастар болады, деп хабарлайды АқмешітЖастары.




"Аурудың жеңіл формасының белгілеріне тоқталайын. Біріншіден, науқас демалғанда қиналмауы әрі ентікпесі болмауы қажет. Тыныс алу жиілігі 1 минутта 24 тыныс қозғалысынан кем болмауы шарт. Дене қызуы қалыпты немесе 38 градустан жоғары болмауы керек. Сонымен қатар, тамақтың қызаруы, жыбырлауы, мұрынның бітелуі, жөтел, 1 минутта тамыр соғысы 80-нен аспауы керек", - дейді министрдің міндетін уақытша атқарушы Facebook желісінде өткен брифингте.

Ләззат Ақтаева бұл белгілерді науқастардың өздері де бақылай алатынын жеткізді. 
Сондай-ақ, ол қандай жағдайда үйде емделуге болмайтынын түсіндірді.


"Егер ентікпе пайда болып, тыныс алу жиілігі 1 минутта 24 тыныс қозғалысынан асса, дене қызуы 38 градустан жоғары болса, науқас үйде емделмеуі керек. Сонымен қатар, науқаста уланудың белгілері байқалса, яғни басы ауырса, терлей берсе, өзін әлсіз сезінсе, тәбеті төмендесе, бұлшықеті ауырса, жөтелсе, әрең дамалса, құсса, денесінде бөртпе пайда болса, бұл оның денсаулығы нашарлағанын білдіреді. Мұндай жағдайда ол үйде болмауы қажет. Науқас инфекциялық ауруханаға жатқызылуы тиіс", - деп түйіндеді сөзін басшы.
17 маусым 2020 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 044

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031