» » COVID-19: Қызылордада 2 жастағы сәбиден коронавирус анықталды

COVID-19: Қызылордада 2 жастағы сәбиден коронавирус анықталды

Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 231 адамға жетті, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі
Соңғы тәулікте жаңадан анықталған 1 жағдай туралы бүгін облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 231 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 1 жағдай анықталды. Аталған науқас – Қызылорда қаласынан. Ол кеше анықталған науқастың отбасы мүшесі, 2 жасар бала. Осылайша, Қызылорда қаласында инфекция жұқтырған науқастар саны 94 тұрғынға жетті», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Оның айтуынша, COVID-19 індетін жұқтырған өңірдегі 231 науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 3270. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 1798, ықтимал байланыста болғандар – 1472 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда облысымыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында – 71, правизорлық стационарда – 18, карантиндік стационарда – 131 адам бақылауда.
Брифингте Жақсылық Әбілқасымұлы мәлімдегендей, өткен тәулікте облысымызда коронавирустық инфекцияға байланысты 813 тест сынамасы жасалыпты.
«Соңғы тәулікте 813 тест сынамасы жасалды. Оның 805 – теріс мәнді болып шықты. Біреуі оң нәтиже берді. Ал, 7 – әлі тексерілу үстінде. Бүгінде облысымызда 4300 тест сынамасының қоры қалды», – деді ол.
Сондай-ақ, басқарма басшысы облыс тұрғындарын әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырды.
«Өңірде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін бірнеше сақтық шараларын күнделікті дағдыға айналдыруымыз керек. Соның бірі – әлеуметтік арақашықтық. Бұл дегеніміз – қоғамдық орындарда, көшеде және тағы да басқа жерлерде басқа адамдармен 1 метр арақашықтықты сақтау. Қауіпті індетті жұқтырған адам түшкіргенде, одан жан-жағына майда ауа тамшылары таралады. Осылайша, ауаға инфекция таралады. Ал, жанындағы адам дем алғанда вирус жұқтырып алуы мүмкін», – деді Ж. Әбілқасымұлы.
12 мамыр 2020 ж. 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 102
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031