» » COVID-19: Сырдариядағы екі науқас диагноздарына сенбей, ауруханаға жатудан бас тартқан

COVID-19: Сырдариядағы екі науқас диагноздарына сенбей, ауруханаға жатудан бас тартқан

Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 72 адамға жетті. Бүгін соңғы тәулікте жаңадан анықталған 18 жағдайдың мән-жайын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.


«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 72 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 18 жағдай анықталды. Оның 11 – Шиелі ауданының ауданының тұрғындары. Олар – алдында анықталған науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандар. Ал, 6 жағдай – Сырдария, 1 науқас – Арал ауданында анықталып отыр. Сырдария ауданындағы науқастар да осы инфекцияны алдында жұқтырғандармен байланыста болған. Ал, Арал ауданындағы науқас – жолсерік болып еңбек еткен. Ол Түркістан облысындағы қауіпті індетті жұқтырған науқасты «Астана – Қызылорда» бағытындағы пойызда тасымылдаған», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Оның айтуынша, облысымыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында – 66 адам, правизорлық стационарда – 52, карантинде – 374 адам ем қабылдап жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.

Ал, Covid-19 індетін жұқтырған өңірдегі 54 науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 1014. Жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 456, потенциалды байланыста болғандар – 558 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған.

Басқарма басшысы атап өткендей, Қызылорда облысына қауіптілік деңгейі 1 (А) елдерінен 2 адам келген. Барлығы үй жағдайында бақылауға алынып, карантинге жатқызылған.

Сондай-ақ, өңірге қауіптілік деңгейі 1 (Б) елдерінен 119 адам келген. Оның үшеуі – стационарға оқшауланса, 116 – үй карантиніне алынған.

Жақсылық Әбілқасымұлы атап өткендей, бүгін таңертең Сырдария ауданындағы анықталған 3 науқастың екеуі – өздерінде коронавирустық инфекция анықталғанына сенбей, аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатудан бас тартқан. Тіпті, дәрігерлерге бой бермей, қарсылық танытқан.

«Сырдария ауданындағы 2 науқас өздеріне қойлыған диагнозға сенбей, бізге қарсылық танытып отыр. Аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатып, ем қабылдаудан бас тартуда. Бұл – біздің жұмысызға кедергі келтіруде. Тұрғындар түсіністік танытпай, біздің жұмысымыздың нәтижесі болмайды. Осыны есте сақтаңыздар», – деді басқарма басшысы.
08 сәуір 2020 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 599

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930