» » COVID-19: Қызылордада 1 айда 93 ер, 89 әйел адам қауіпті індетке шалдыққан

COVID-19: Қызылордада 1 айда 93 ер, 89 әйел адам қауіпті індетке шалдыққан


Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 182 адамға жетті. Соңғы тәулікте анықталған 3 жағдайдың мән-жайы туралы бүгін облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады, деп хабарлайды
Kyzylorda-news.kz.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 182 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 3 жағдай анықталды. Оның екеуі – Қызылорда қаласынан, біреуі – Қазалы ауданынан. Бұл науқастардың барлығы алдында анықталған науқастармен жақын қарым-қатынаста болып, карантиндік бақылауда болғандар. Қазалы ауданының тұрғыны Атырау облысында вахталық әдіспен жұмыс жасап келген. Сондай-ақ, соңғы тәулікте 11 науқас жазылып, отбасыларына оралды», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Оның айтуынша, COVID-19 індетін жұқтырған өңірдегі 182 науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 2830. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 1495, потенциалды байланыста болғандар – 1335 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда облысымыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында – 72, правизорлық стационарда – 54, карантиндік стационарда – 452 адам бақылауда.
Бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелгеніне тура 1 ай болды. Брифингте басқарма басшысы осы 1 айдың ішіндегі ахуалға тоқталды.
Оның айтуынша, аймақтағы қауіпті індетті жұқтырған науқастардың жасы – 0 мен 87 жас аралығында. Күні бүгінге дейін облыста 93 ер адам, 89 әйел адам осы індетке шалдыққан.
«Қазіргі таңда өңірдегі 1 науқастың жағдайы ауыр. 10 науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Ал, 171 науқастың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Бүгінге дейін осы инфекцияны жұқтырған 182 науқастың 16 – студент, 18 – мектеп оқушылары, 22 – зейнеткер, 44 – жұмыс жасайтындар, 49 – жұмыссыз тұрғындар, 26 – медицина қызметкерлері, 7 – балалар. 26 медицина қызметкерлерінің 4-еуі – дәрігер, 14 – медбикелер», – деді ол.
Сондай-ақ, бүгінге дейін правизорлық стационарда – 284, карантиндік стационарда – 1551 науқас ем қабылдаған. Облыста барлығы 245 – правизорлық, 920 – карантиндік төсек-орын дайындалған. Қазіргі таңда оның 50%-ы – бос тұрған көрінеді.
«Ұлттық сараптама орталығының облыстағы филиалында 3 сараптамалық ПТР, 1 жылжымалы ПТР аппараты жұмыс жасауда. Осы аппараттар арқылы тәулігіне 500 сынама тест жасауға мүмкіндік бар. Бір айдың ішінде облыста барлығы 9527 сынама тест жасалған», – деді Ж. Әбілқасымұлы.
28 сәуір 2020 ж. 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 443
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 243

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930