» » «Сары аймақ»: карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

«Сары аймақ»: карантин талаптары күшейтілуі мүмкін


Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың саны азаймай отыр. Салдарынан «сары аймаққа» енді. Сәуір айының алғашқы жеті күнінде 201 жағдай тіркелді. Көрсеткіш төмендемесе карантин талаптары күшейтіледі.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы бойынша 22 жағдай тіркелді. Оның 77 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар.

– Бізді 1 жасқа дейінгісәбилер мен мектеп жасындағы балалардың ауру жұқтыруы алаңдатуда. Аудандарда да жағдай күрделеніп барады. Бұл сақтық шарасына салғырттық танытып жүргендіктің салдары. Осылай жалғаса берсе карантин талаптарын күшейтуге мәжбүр боламыз, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Бүгінде мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында күн сайын тексеріс жүргізуде. Аталмыш жұмыстар аясында мыңнан аса нысан мен үйлер араланып, карантин талаптарын бұзғандарға әкімшілік шара қолданылуда.
09 сәуір 2021 ж. 779 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728