» » Бірлескен тексерулер жандандырылуда

Бірлескен тексерулер жандандырылуда

ҚР ҚАК-нің 4-бабының 1-бөлігінде «Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да және өзге адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу болып табылады.»-деп көрсетілген.
Сол мақсатта ҚР ІІМ-нің ҚАЖК Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің Қармақшы аудандық пробация қызметі, сот үкімімен тағайындалған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандарды есепке алған уақытта, олармен сұхбат жүргізіліп, жауапкершіліктермен міндеттерін және көрсетілетін әлеуметтік құқықтық көмектің барлық түрлерін түсіндіріп, жеке бағдарласы құрастырылады.
Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандармен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алудың мақсатында түрлі спорттық және мәдени іс-шаралар мен кездесулер өткізіліп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілгенімен жаза өтеу шарттарын бұзутындарда жие кездеседі.
Осыған байланысты, сотталғандарға қатысты заң нормаларын жіті түсіндіріп, жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Қармақшы аудан прокуратура қызметкерімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған азаматтарды мекен-жайынан, жұмыс орнынан тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сотталғандармен қайта қылмыс жасамау, сондай-ақ, спирттік ішімдіктерді,есірткі заттарды қолданбау, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы тәрбиелік сұхбат жүргізіліп, барлық сотталғандармен және олардың туыстарымен, сондай-ақ сотталғандарға оң әсер етуі мүмкін адамдармен тәрбиелік-түсіндіру сипатындағы әңгіме жүргізіліп көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берілді.


Бақыт ОРАЗАЛИЕВ,
Қармақшы аудандық пробация қызметінің инспекторы
әділет лейтенанты
14 шілде 2021 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031