» » Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды


Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған азамат Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, учаскелік уәкілетті полиция көмекшісі Р. мен учаскелік уәкілетті полициясы В.-ның өздеріне бекітілген аймақта қызмет атқару барысында азамат Д. масаң күйде басымен алдында тұрған учаскелік уәкілетті полиция көмекшісінің бетінен бір рет соққы жасаған. Нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, жеңіл зиян келтірген дене жарақатын салған.
Сотта сотталушы Д. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындауымен, жауапты оқиға болған жерде тексеру хаттамасымен, оған тіркелген фотокестелерімен және қылмыстық істің өзге де материалдарымен толық дәлелденді.
Сот үкімімен сотталушы Д. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі

09 маусым 2021 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 767
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 129

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 487

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930