» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты мәселе

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты мәселе


Тәжірибе көрсеткендей, нақты «проблемалық бағыттарға» көңіл бөлу және оларды шешу сыбайлас жемқорлықты алдын-алудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына қарамастан облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің саласына байланысты жағдайда көңіл қуантатындай емес.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және айыпталушылармен сотталушылардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған қарасты түзеу мекемелерінің басшылығымен кездесу өткізілді.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы, облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Накенов Мұрат Сабырұлы, «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы, Қызылорда облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы Теңізбаев Серік Мұстафаұлы және ЗК-169/1 мекемесі мен 3К-169/5 аралас режимдегі түзеу мекемесінің және 3К-169/4 қоныс калониясының басшылары қатысты.
Кездесуде облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі қызметкерлердің қызметін асыра пайдалану, айыптаушылар мен сотталушылардың құқықтарын қорғау мәселесі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралардың нәтижесі қаралып, қорытындысы мен ұсыныстар берілді.

Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
05 тамыз 2020 ж. 1 057 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930