» » Мерейлі мектеп

Мерейлі мектеп


Мектеп... Иә, бұл – адамзат үшін еш уақытта көнермейтін, сарқылмайтын, әрбір адамның жүрегінде мәңгілік жатталып қала беретін ұғым. Адамзаттың бүкіл ғұмырына жететін тәлім-тәрбие мен білім нәрін берер осы мектеп кім-кімге де ыстық көрінері анық. Ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлы «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» деген екен. Ұлттық рух пен намысты, сезім мен сенімді, білім мен білікті берік қалыптастырған болашақ ұрпақ тәрбиелеп отырған білім ордалары жетерлік. Солардың бірі – Ақтөбе ауылындағы №109 орта мектеп ұжымы.
Мектеп өмірінде оны басқарып, жақсы іске бастаған басшылардың алар орны ерекше. Ж.Мадияров, Ә.Сейталиев, С.Баянов, Т.Әбдікешов, Ө.Таңқаев, Сәрсенбаев, А.Ұзақбаев, Қ.Мүсіркегенов, Б.Алмауытов, А.Тұңғышбаев, М.Әбді­қасов сынды іскер басшылар салып кеткен ізді бүгінгі ұстаздар қауымы жалғастыруда. Қазіргі таңда білім ордасына 2017 жылдың қыркүйек айы­нан бастап Бақытбек Алмағанбетов мектеп директоры қызметін атқарып келеді. Ол өз еңбек жолын жас ұрпаққа тәлімді тәрбие, тағылымды білім беріп, ұстаздық етуден бастаған. Елеулі еңбегінің арқасында облыстық білім беру департаментінің, аудан әкімі, бірнеше рет аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымының алғысымен марапатталған. Білімді, әрі тәрбиелі ұрпақ болашақтың тұтқасы екенін жете түсініп, жағдайын білуге, психологиялық тұрғыдан зерттеп, дамуына, шығармашылық қабілетін арттыруға үлес қосу үшін ұжымды жұмылдыруда. Қарапайым, көпшіл мінезімен, қай салада болмасын са­уатты қарым-қатынасымен көптеген түйткілдің түйінін шешіп, іскерлігімен тектілік танытып жүрген басшының ұжым арасында абыройы асқақ, беделі үстем. Мектеп мұғалімдері де марапат пен жетістіктен, үздік оқушы тәрбиелеуден кенде емес. Мәселен оқу ісі жөніндегі орынбасар, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрсынай Байдрахманова 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен, 2020 жылы «BILGEN» ұлттық авторлық методика және бағалау орталығының Құрмет грамотасымен марапатталған. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бибігүл Әбдірасылованың оқушылары аудандық, облыстық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері, «Заманауи сабақ ресурстары» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық педагоги­калық байқауда І орын, «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде 11-сынып оқушысы Асылхан Жайшылықұлы І дәрежелі диплом, «ОRDA-Junior-2017» атты дарынды оқушылардың үздік ғылыми жұмысында ІІ орынды иеленді. Еселі еңбегінің арқасында білікті ұстаз «Облыстың үздік педагогы» атанған. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Валя Сүйеубаева облыстық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталған білікті маман иесі. Сонымен қатар оқушысы Нұрымбет Киікбаев облыстық «Отан – отбасынан басталады» атты эссе байқауынан ІІ орынды иеленген. Мектеп ұстаздары облыстық «Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі – 2020» байқауында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қалампыр Мерекова ІІІ орын, «Үздік жаттықтырушы» облыстық байқауында денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сұңғат Мырзабеков марапатталған. Облыстық семинарда «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Гүлмира Бодықова «Адам мінезі» тақырыбымен сабақ көрсетіп, облыстық білім басқармасының марапатына ие болды. Облыстық «Үздік денешынықтыру пәні мұғалімі – 2021» байқауынан мектептің жас маманы Бақытқали Киікбаев ІІІ орынды иеленіп, жеңіс төрінен көрінді. «Үздік авторлық бағдарлама – 2018» байқауында математика пәнінің мұғалімі Әлима Нұржанова ІІІ орын алса, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама – 2018» байқауында «Өз ісінің шебері» дипломымен марапатталды. Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама – 2019» байқауында баста­уыш сынып мұғалімі Әзиза Талқанбаева І орын, облыстық « Жыл таңдауы – 2019» байқауында «Шеберлік шыңына шыққандар» номинациясымен марапатталса, респу­бликалық «Үздік авторлық бағдарлама – 2019» байқауында «Кәсіби біліктілік көрсеткені үшін» грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ «Дарын» жалпы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде 9-сынып оқушысы Әлжан Қымбат (жетекшісі Шайхова Венера) ІІ орынмен, облыстық білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен 11 сынып оқушысы Нұрдәулет Өмірсеріков ІІ орынға ие болды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Ақмарал Байтанатова. Республикалық «Жарқын Болашақ» ғылыми-әдістемелік орталығының ұй­ым­дастыруымен Ү Республикалық «Ғылым жолында» атты ғылыми жоба байқауында да Нұрдәулет Өмірсеріков ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Қыдырбек Сәденовтің оқушыларды тәрбиелеудегі өзіндік орны болса, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары, математика пәні мұғалімі Ботакөз Абдуллаева өз пәнінен оқушылардың білімін жетілдіру нәти­жесінде ізбасарларын тәрбиелей білді. Аудандық, облыстық конференцияларда оқушыларды «ҰБТ-ға дайындық жолдары» тақырыбында баяндамалар оқып, өз тәжірибелерін ортаға салып жүр.
– «Әрбір елдің келешегі – мектебінде» деп ХХ ғасырдың өзінде-ақ Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей, егемен еліміздің тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани болмысын дамытуда, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда мұғалімдердің атқа­ратын рөлі ұшан-теңіз. Осы бағытта мұғалімдеріміз заманға сай біліктілікті игеріп, курстарға барып, білімін жетілдіруде. Білікті ұстаздан тәлім алған оқушыларымыз түрлі сайыс­тан жеңімпаз атанып мерейімізді асқақтатуда. Ұстазға бұдан артық қандай бақыт керек. Бүгінде сан-салада елеулі қызмет етіп жүрген түлектеріміз де баршылық. Оларды жастарға үлгі тұтып, есімдерін мақтан етеміз, – дейді мектеп директоры Бақытбек Әзілханұлы.
Мектеп басшысы айтқандай-ақ бұл мектептен түлеп ұшқандар ел мақтанына айналған. Олар Бақытбек Сейсенов – филология ғылымдарының докторы, Қарлығаш Байшоланова – экономика ғылымдарының докторы, Замира Әбдіхалықова – математика, философия ғылымдарының докторы, Әнуар Дәуленбаев – профессор, Тотан Күзембаев – Ресей сәулетшілер ода­ғының мүшесі, халықаралық құ­рылыстар жобасының жеңімпаз авторы, ХХ ғасырдың халықаралық үздік сәулетшісі, Ресейдің 2017 жылғы «Жыл адамы». Ал Артельбек Іскендіров, Серікжан Есқұлов, Шырынкүл Торшаева, Дүйсенбек Сыдықов, Айсұлу Нұржанова, Әсия Алмауытова, Динара Төлемісова, Еркін Байшолановтар сан салада ғылым кандидаттары. Нәсіредин Сералиев пен Асқар Мереков те мектептің мақтан тұтар түлегінің қатарында. Ал шәкірт тәрбиелеуде алдына жан салмай, үздік нәтиже көрсеткен ұстаздар қатарына Бисенбай Қасқырбайұлы, Сағат Бая­нов, Базарбай Алмауытов, Нәбира Смағұлова, Махамбет Құлахметовтер «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атанса, Мұрсал Әбдіқасов – ҚР «Білім беру ісінің үздігі», «Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі» иегері атанған мұғалімдер кіреді.
Ізіне ерген інілеріне ізетін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл азаматтарының осы мектептің түлектері қазіргі еңбек майданының майталмандары «Ақтөбе и К» ЖШС төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Нұрлан Тұрғанбекұлы мен «Оңталап» ШҚ төрағасы Әбдіхамит Әбжаппарұлының халыққа жасап жатқан қызметтеріне дән риза.
Тынымды тірлігі, білімді түлегі, іскер басшысы, білікті ұстазы бар мектептің жетер жетістігі мен алар асуы әлі алда. 87 жылды артқа тастаған тарихи білім ордасының сүйінші жаңалықтары көп боларына сенеміз.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
12 маусым 2021 ж. 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031