» » Оқушыларға мектеп құралдары табысталды

Оқушыларға мектеп құралдары табысталды


Білім күні бүкіл халықтық мерекеге айналды.Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше.
Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттап отырған балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады.
Бала - біздің өміріміздің жалғасы,ұрпағымызды жалғастырушы.
Олар - болашақтың иесі.
Бүгін ауылдағы орта мектебімізге сақтық шараларын қолданып, ара-қашықтықты сақтай отырып "Достық ЖЕР МК" ЖШС, "Абай-Дәулет" ЖШСеріктестігінің атынан шаруашылық төрағасының орынбасары Ғазиз Құлкеев барып, бірінші сыныпқа барған оқушыларды құттықтап, оларға мектеп құралдарын табыстады.
"Құрметті оқушылар! Бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
Дендеріңіз сау,оқуда озат болыңдар,тек бестік деген баға алып ата-аналарыңызды,ұстаздарыңызды қуантып жүре беріңіздер.
"Тарыдай болып кіріп,таудай болып шығып" ата-аналарыңның мейірім-шапағатына бөленіп, тәртіпті-тәрбиелі бола берулеріңізге тілектеспін"-деп ақ тілегін айтты шаруашылық төрағасының орынбасары.
Мектеп директоры Кундызай Аймаханова балаларға тілегін айтып,сыйлық жасаған шаруашылық ұжымына рахметін айтты.
Сонымен қатар мұндай сый-сияпат мектеп алды даярлық тобы оқушыларына, ауылдағы екі балабақша бүлдіршіндеріне, (барлығы
173 балаларға) жасалды.
Рима ТҰРМАНОВА,
ІІІ Интернационал ауылының жаңалықтар үйлестірушісі
01 қыркүйек 2020 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930