» » Сыршыл сазгер

Сыршыл сазгер

Әдетте өнер адамы туралы сөз қозғап, сол туралы оқырманға ойыңды жеткізу, оның жандүниесін толық түсінбей қалам тербеу қиынның қиыны. Ал әннің құпия, сұлу, сиқырлы әуезін жеткізу екінің бірінің қолынан келе бермейтін дарын. Біз айтқалы отырған өнер иесінің таланты мен сазгерлік қасиеті бір бөлек, ерекше тұлға. Бүгінде шығармашылығында 80-ге жуық әндері бар Сыр елінің дарынды тумасы Керекжан Құлмырзаевты танымайтындар кемде-кем.
Киелі Қармақшы топырағында туылып, талантымен талайды таңқалдырып жүрген өнер иесінің есімі тек ел-жұртқа емес, әнсүйер қауымға «Қармақшым», «Мені ойла», «Ғашық жыры», «Көктем қыз», «Анашым», «Дос сағынышы», «Сағынамын сұлуым», «Ақ бөпешім», «Балапаным», «Жолықпаңыз», «Той жыры» сынды әндерімен жақсы таныс. Алдыңғы буын ағалар дәстүрін жалғастырып, әуелетіп әуен жазып, халықты ән құшағына бөлеп жүрген ағамыздың қай шығармасы болмасын тамаша күймен тыныстатып, сезім сиқырына баурап әкетеді. Композитор жазған әндер тақырыптарының ауқымы кең. Лирикалық сарын, баяу әрі ырғақты. Қолындағы баянымен сызылтып ән салғанда көпшілік шын ықыласпен тыңдайды.
Керекжан Қожанұлы жастайынан музыкаға әуес болған. 3-4 жасында ән айтуды бастаған. Нағашыларында домбырашы, сырнайшы Шалқар деген кісі болса керек. Ең әуелі сол кісінің бір тілді гармонын дырылдытып тартып, кейін баян аспабында ойнауды Байдрахман жездесінен үйренеді.
– 7 сынып оқып жүргенімде мәдениет үйінің қызметкері Базарбай Жүсіповтың сүйемелдеуімен сахнада ән айта бастадым. Баян, домбыра, гитара аспаптарында еркін ойнап, оркестр құрамында болдым. Кейін аудандық мәдени шараларға қатысып, ел-жұртқа танылдым, – дейді сазгер.
1978 жылы Н.Гоголь атын­дағы Қызылорда педагогикалық ин­сти­­тутының «Музыка және ән» фа­культетіне түскен ол, сол кезден-ақ өнер жолында шабыты шыңдала бастайды. Облыстағы «Сыр сұлуы» ансамблінің белді мүшесі болады. 1980 жылы Ақтөбе қаласында өткен әншілер байқауында лауреат атанады. Институтты бітіргеннен кейін өзі оқыған мектепке ән-әуез пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Кейін еңбекқорлығымен көзге түсіп 1983 жылы аудандық мәдениет үйінің директорлық қызметіне тағайындалады. Осыдан кейін Керекжан Құлмырзаевтың творчестволық өмірі басталып, үлкен байқауларда биіктен көрінеді. 1987 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінде лауреат атағын алады. Ауданда Жарқын Шәкәрімовтың ұйымдастыруымен «Жетіасар» фольклорлық ансамблі құрылып, ансамбльде Керекжанның орындауында орыстың халық әні «Метелица», Сегіз серінің әні «Ақбақай», Жаяу Мұсаның «Ақ сиса», Н.Тілендиевтің әні «Жан сәулем» республикалық телевидениенің «Алтын қорына» жазылады.
Сазгердің шығармашылығында бүгінде 80-ге жуық әндері бар. Әндерінің басым көпшілігі жергілікті ақындар Қали Шыңғысов, Дастан Нәзікбаев, Серік Ыдырысов, Нағима Торманова, Тұрман Омаров, Гүлнар Есенсейітова, Мейрамбек Әбжатов, Тілеген Бекарыстанов, Сәнтөре Пірманов, Алтай Үсенов, Ордабек Өткелбай, Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріне жазылған. Ал әндерін әнші Толқын Ізімбетова, Самал Ұзақбаева, Жанат Ермағанбетова, Ләйла Байқожаевалар орындап жүр.
Әуесқой композитор өзінің асқаралы 60 жас мерейтойында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Сыр Сұлуым – ән бағым» атты ән кешін өткізіп, жиырмаға жуық әнін көпшілікке паш еткен. Биыл да 65 жасында ән кешін өткізсем деген ниеті бар.
«Ақылың болса, ән тыңда» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ән – адамның жан дүниесін нұрландырып, қуанышқа бөлеп, рухты көтереді. Тамаша әндерді өмірге әкелген, сазгер Керекжан Құлмырзаевтың шығармашылығы міне, осындай әнге бай.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
03 маусым 2021 ж. 1 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031