» » » КРЕМЛЬДЕГІ КОНЦЕРТ

КРЕМЛЬДЕГІ КОНЦЕРТ

(Димаштың тағы бір хит-әні қанат қақты)

Ресейлік сазгер Игорь Крутойдың әндері өнер сүйер қауымға жақсы таныс. Оның әуезді әндерін ТМД-дағы елдерден басқа, шетелдік әншілер де шеберлікпен орындап жүр.


И.Крутой әдетте жаңа жазған әндерін орындауды өзі таңдаған әншіге ғана ұсынатын көрінеді. Сочиде өткен ән бәйгесінде ол Димаштың ән салғанын алғаш естісімен-ақ оның өнеріне тәнті болып, Кремльде өтетін мерекелік ән кешіне шақырады. Мұндай ерекше құрмет-хошеметке риза болған Димаш оның өтінішін қуанышпен қабылдайды.
Кремльдың концерт залында ол орындаған ән И.Крутойдың "Любовь уставши лебедей" ("Жапа шеккен аққудың махаббаты") атты жаңа туындысы еді. Ән сазы әсерлі, өлең сөздері терең мағыналы ойға толы ұйқасты шумақтар. Осы әнді өз мән-мағынасымен шебер орындаған Димаш тыңдаушыларды бей-жай күйде қалдырған жоқ. Ұзаққа созылған қол шапалақтау мен "браво, браво" деген дауыстар соның айғағы емес пе? Оны интернет жүйесіндегі бейнежазбадан көріп, сүйіспеншілік сезіміне бөлендік.
Әннің қос қанаты бар десек, бірі – әуезді саз, екіншісі келісті, кестелі ұйқастармен құрылған ойлы, өрнекті өлең жолдары. Онсыз ән еркін қанат қағып, әнсүйер қауымның жан жүрегіне ене алмайды.
Әңгіме етіп отырған әннің өлең жолдарына назар аударалық:
– Не говори, что чувства позади,
Нет назад пути.
Не могут жить в разлуке лебедей,
В разлуке боль сильней.
Любовь мою согрей,
Любовь уставши лебедей.
– Жан тебірентерлік әсерлі де әсем сөздер емес пе?
Концерт жүргізуші-шоумен: "Әлемдік эстрада көгінде жарық жұлдыз жарқырай туды. Біз жас талантты әншіге бұдан да зор шығармашылық өнер шыңына жете бер деп тілек айтамыз", – деді ыстық ықыласпен ағынан жарылып.
И.Крутой да Димаш жайлы мақтау сөзін ортаға жайып салды: "Ән салудағы мәнері ерекше, ешкімге ұқсамайды. Вокалдық дауыс диапозоны кең, еркін. Әр әнді өз баяу-нақышымен әсерлендіре, әрлендіре, нәрлендіре айтады. Төрт-бес октавамен ән салу теңдессіз құбылыс. Ал, Димаш болса оны шеберлікпен меңгеріп алған". Міне, бұл тәжірибелі сазгердің жас әншіге берген өз бағасы.
Кремльдегі концертте Димаш орындаған ән несімен құнды, несімен қымбат? Ол қалайша тыңдаушыларды ерекше сезімге бөлеп, баурап алды? Аққу киелі құс. Қазақта "Аққуды атпайды" деген тағылымды сөз бар. Сыңарынан айырылған аққу қайғы-мұңға батып, жалғыздық жапасын шегеді. Ақыр соңында мерт болады. "Дүние-жалған" деген осы!
Махаббаттың берік серті мен мәрттігін, пәк тазалығы мен адалдығын айғақтайтын мұнан өткен нақты мысал бола қояр ма екен, сірә!? Әлгі ән ойға оралған сайын терең сезім тұңғиығына батып, айтса сөз жетпейтіндей рухани ләззат аламын. Дүниенің бақытты, қуанышты, шаттыққа толы сәттері көз алдымнан қайыра өтіп жатқандай күй кешемін. Бұл ән құдыретінің әсері.
Димаштың атақ-даңқы осылайша Ресей елінде де кеңінен танымал болып отыр. Сочи мен Мәскеуде, Орынбор, Омбы, Санк-Питербугте Димаштың өнерін паш ететін фанклубтар құрылып, интернет жүйесіне қосылған. АҚШ, Канада елдерінің әнсүйер қауымы Димашты өз көзімен көріп, жанды дауысын құлақ құрышы қанғанша тыңдауға асық. Алдағы жылдың көктемінде И.Крутой АҚШ елінде өзінің шығармашылық концертін қоймақшы. Концерт бағдарламасында Ди­маш­тың орындауындағы әндерге де кеңінен орын берілген.
Өнер көгінде дауысың шарықтай шығып, қос қанатың талмай, биіктен биікке самғай бер Димаш!

Рашид ЖАРЫЛҚАСЫНОВ.
15 ақпан 2019 ж. 1 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031