» » Жас депутаттар корпусын құру – оңтайлы шешім

Жас депутаттар корпусын құру – оңтайлы шешім

Үстіміздегі жылдың басында өткен сайлау нәтижесі туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі жазбасында:
-«Сайлау қорытындысы бойынша Елбасы белгілеген квотаның арқасында біздің партиядан барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жас депутаттардың саны 3 есе, яғни 7-ден 23%-ке дейін артты. Осылайша, 2701 нұротандық депутаттың 616-сы – жастар өкілдері болды.
Олар 6 миллионнан астам қазақстандық жастардың мүддесін білдіретін болады», деп жазған еді.
Сондай-ақ, Бауыржан Байбек партия тарапынан жастарды қолдау мақсатында атқарылатын іс-шаралар және «Jas Otan» ЖҚ мен жас депутаттарға жүктелетін міндеттерге тоқтала келе: -«Өздеріңізге белгілі, Елбасының қатысуымен таяуда өткен «Jas Otan»-ның Съезінде 5 жылдық «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл құжат жастарды қолдау бойынша 100 нақты жүйелік шараны қамтиды. Олардың қатарында әлеуметтік лифтілер құру және жастар бастамаларын жүзеге асыру, жұмысқа орналастыру және білім сапасын көтеру секілді көптеген мәселелер бар.
«Jas Otan»-ның жаңа басшылығы мен жас депутаттық корпус алдында осы бағдарламаны тиімді жүзеге асыру міндеті тұр»-деген болатын.
Міне, осы мақсатта, сәуір айының 15 жұлдызында «Jas Otan»-ның базасында Жас депуттар корпусын құру туралы ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн- конференция өткізілді. Еліміздегі барша жас депутаттар қатысқан онлайн-конференцияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1. Жас депуттар корпусын құру
2. Жас депуттар корпусының жетекшісін сайлау.
Онлайн-конференцияға қатысушылардың қолдауымен «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Бейсенбаев Елнур Сабыржанович Жас депуттар корпусының жетекшісі болып сайланып, ол өз сөзінде:-... «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдауға бағытталған «Жастар Отанға» бағдарламасын сапалы орындалуын бақылауды қадағалауымыз қажет. Біздің партия- бұл істің партиясы. Тікелей бас партия болу дегеніміз, Елбасының сөзі бар, «бұл жауапкершілікті мойнымызға арта білу», яғни халықтың қойған мәселелерін дұрыс және оңтайлы шешумен айналысу.Осы себептен жас партиялықтардың басын ортақ мақсат пен міндеттер аясында біріктіре отыра, әрбір жас депутаттың жауапкершілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында осы құрылған депутаттық корпус менің ойымша, оңтайлы әрі дәл уақытында шешілген шешім деп есептеймін,- дей келе, жас депуттарға сәттілік тіледі.

16 сәуір 2021 ж. 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930