» » Таланттылар бәйгесі

Таланттылар бәйгесі


Әр адамның бойында өзіндік бір өнері болады. Ол әрине, жасқа қарамайды. "Өнерге әркімнің-ақ бар таласы" демей ме дана халқымыз. Қай кезде болмасын бойдағы бар талантты тұншықтырмай, керісінше оны жұрт алдына паш ету үлкен жеңіс емес пе?!
Бүгінде ерекше қабілетімен талайды таңқалдырып, көпшілікті өзіне тәнті ететін жастар көп. Иә, өнерлі жанның көбі ауылдан шығады деп жатамыз. Осы орайда ІІІ Интернационал ауылында "Біз таланттарды іздейміз" тақыбында байқау өтті. Байқауға идеяны "Достық Жер МК" ЖШС директоры Мұрат Абайұлы тастаса, оны әрі қарай дамытып, қолдау көрсеткен ауыл әкімдігі, мәдениет үйі мен ауыл кітапханасы. Байқаудың басты мақсаты – нағыз талантты, шын дарынды анықтау.
Бұл аудан көлемінде ұйымдастырылып отырған алғашқы іс-шара. Мұнда қатысушылардың жас ерекшелігі мен дарындылығына шектеу қойылған жоқ. Байқаудың қазылар алқасында белгілі айтыс ақыны, үш дүркін "Алтын домбыра иегері, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов, ақын, М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры Нұрмат Мансұров, тәуелсіз сарапшылар Динара Эшатова мен Ләззат Бақтыбаевалар қазылық етті.
Әуезді әнмен әуелетіп, қимыл тілімен сезімді жеткізген талантты балалар бұл күні көрермен көзайымына бөленді. Сонымен қатар түрлі аспапта ойнаған жастармен қолөнер туындыларын көрсеткен ісмер, шебер жандарды да байқадық.
Аталған сайыс ІІ кезең бойынша өткізілген. Іріктеу кезеңіне 49 талапкер өтініш білдірсе, оның ішінен 11 өнерпаз финалға жолдама алды. Сайыс нәтижесі бойынша І орынды фортепиа­но құлағында ойнаған Оспан Әлтаев қанжығасына байлады. Ал ІІ орын акробатика өнерімен көпті таңдандырған Мелик, Делик Аштароваларға бұйырса, ІІІ орынды баянмен тамаша өнер көрсеткен Эльдар Сәбитов иеленді.
Байқаудың жүлделі қоры да жастарға серпін бергендей. Айталық, І орынға Iphone 12 promax, ІІ орынға караоэке аппаратурасы, ІІІ орынға велосипед сыйға берілді. Мұнан бөлек түрлі бағалы сыйлықтар да тапсырылды. Планшет пен түрлі смартфондар тарту етілді. Ал байқауға бастамашы әрі демеушілік етіп, әділқазылар алқасының төрағасы болған Мұрат Сәрсенбаевқа ауыл тұрғындарының айтар алғысы шексіз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 сәуір 2021 ж. 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930