» » Жүйрік жүгендеген жігіт

Жүйрік жүгендеген жігіт



Ауыл береке ғой. Қай кезде де оның дархан пейіл, дара болмысты тұрғындарымен тілдесуге асығып тұратын әдетіміз бар. Неге дейсіз бе? Ауыл тіршілігі, ондағы қызу жұмыс, балалығымыздың таңбасындай болған тұрмыстық заттар бәрі-бәрі қаламымызды жүйткітіп, қойын дәптерімізді қазынаға толтырады. Қатарынан озық, ерекше кейіпкер іздеген біз сәрсенбінің сәтті күнінде Қуаңдария ауылында жүрміз. Олар бар жақсысын көрсетіп қалуға асықса, біз соның бәрін түртіп алуға тырысып келеміз. Жасы отызға жетпеген жігіттің ат баптап, бәйгеге сәйгүлік қосатынын ести сала кездесуге асықтық.
Ауыл тұрғыны Бекарыс Сахиев – бес ұлдың үлкені. Ата-анасы Нағмедулла мен Данагүл ауыл мектебінде ұстаздық етеді. Іске мығым, тиянақтылығы мен табандылығы бар тұңғыш бала кішкентай кезінен ат баптаумен айналысады. Осыдан бір жыл бұрын өмірден өткен атасы, марқұм ауданға белгілі атбегі Сахи Ибраев баптаған талай сәйгүліктің додада маңдайы жарқыраған. Атасының жанынан бір елі қалмаған ол ес білгелі жылқы өсірудің қыр-сырын көріп өскен. Ата кәсіптен қол үзбей, төрт түлік ұстап, мал басын көбейтуді көксеген Бекарыстың ат баптау – қанында бар қасиет. Қызуқанды, салт дәстүрді дәріптеп, халқымызда бар құндылықты бағалай білетін жаспен сөйлескенде расымен жігерленіп қалдық. Ауырдың үсті­мен, жеңілдің астымен жүрмейтініне сүйсініп, ат әбзелдерін биікке қойып, ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, жаңғыртып жүргеніне қуандық.
– Жүйрік аттардың мінезі де қыран құстардың мінезіндей. Бәйге аттарына айрықша бап керек. Жеке ұсталып, көбіне қора маңында бағамын. Жүйрік аттарды тіл-көзден, келеңсіз жағдайлардан қорғау үшін атқарылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар бар. Ол ырымның бәрін сақтап келемін. Жүйріктердің жүгенін ерекше қастерлеймін. Қазақтың «алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дегені орынды сөз. Ат баптау деген телегей теңіз ілім. Ең алдымен адамға үлкен жүрек пен тәуекел керек. Күтіп-бапталған сүйгүлік қана топтан озып шыға алады. Аттың бәйгеден жүйрік келуі шабандозға да байланысты. Ауылда атқа шабатын жас­тар аз. Додаға барғанда шабандоздарды жалдауға тура келеді. Ол күнделікті атты көріп жүрмеген соң қыр-сырын білмейді. Бірін-бірі жатырқайтын кездер де болады. Жылқы түлігі табиғатынан тұнық су ішіп, шөптің шүйгінін жейді. Сол себепті төре мал тұқымын таза ұстау атбегінің күнделікті жұмысына айналуы тиіс. WhatsApp желісінде «Ақмешіт атбегілері» деген топ бар. Сол арқылы облыс төңірегіндегі атбегілермен хабарласып, бір-бірімізден ақыл-кеңес сұрап отырамыз, – дейді ол.
Біз барған күннің ертеңіне Бекарыс баптаған «Қарқынын» Шиелі ауданына жарысқа алып кетпек. Көңіл күйін бақылап, жанында жүр екен. Бәйгеден түйе де, бие де ұтқан оның сол түйесі қазір 7-8 басқа жеткен. Жаз шықса шұбат өндіріп, өздерінен артылғанын көрші-көлемге үлестіретін көрінеді.
Жылқы десе жүрегі бөлек соғатын жігіт отызға жетпей орда бұзған. Оның қырыққа жетпей-ақ қамал алатынына сендік. Додадан баптаған «Қарқыны» бірінші келіп, ауылдың, ауданның атын шығаруын тіледік.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)
10 сәуір 2021 ж. 1 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031