» » Сыбайлас жемқорлық ғасыр індеті

Сыбайлас жемқорлық ғасыр індеті

Аудандағы «Nur Otan» партиясы филиалында аудандық Төтенше жағдайдар бөлімі және №10 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде дөңгелек үстел отырысы өтті. Оны «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Дастан Буханов жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түрлерімен және оның жауапкершілігін түсіндірді. Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы принципшілдікті ұстануы керектігін және мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметте психологиялық мықты ерік-жігердің қажет екендігін айтты.
Сонымен қатар еліміздің қарыштап дамуына кері әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу, әрбір қызметкердің азаматтық парызы екенін, әсіресе мемлекеттік қызметшілер жемқорлықтың соңы отбасының ойран болуына әкеп соғатындығын естен шығармағандары жөн екендігін ескертті. Отырыста еліміздегі әлеуметтік саяси ахуалға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселесі де айтылды.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ө.Сақтабаев: «Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу туралы Қазақстан Республикасының заңында, сондай-ақ заңдарда көзделген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар болып табылады. Сол себепті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік қызметкерден адалдықты, шындықты, заңдылықты сақтауды, жауапкершілікті талап етеді» деді ол өз сөзінде.
Басқосуда Д.Буханов «Сыбайлас жемқорлық – қауіпті індет» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің өзекті мәселені қозғайтын, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытындағы ұтымды ұйымдастылған шара екенін айтып, сөзін қорытындылады.


Ерсін ӘБЛӘКИЕВ

14 наурыз 2021 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031