» » «Nur Otan» партиясы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуда кездесу өткізді

«Nur Otan» партиясы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуда кездесу өткізді

Қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен өсіп-өркендеп, мол қаражат пен қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл дамушы елдердегідей жас мемлекетімізге де орасан зор зиянын келтіруде.
Осыған орай аудандық «Nur Otan» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов денсаулық сақтау саласындағы орта буын қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу мақсатында кездесу өткізді. Жиында аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Айдос Жаналиев тақырып аясында бүгінгі күнге дейін емханада атқарылған жұмыстарға шолу жасады.
«Nur Otan» партиясы өзінің құрылған кезінен бастап қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы пікірін табанды түрде қалыптастыра отырып, онымен мақсатты күрес жүргізіп келеді. Бұл туралы Елбасы өз сөзінде: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады» деген. Тіпті оған қарсы мақсатта «Nur Otan» партиясы 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі.
Шарада аудандық «Nur Otan» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары жыл басынан бері келіп түскен арыз-шағым мәселесін оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар жоғын сұрады. Сонымен қатар науқастарға берілетін тегін дәрі-дәрмектің үйлестіру жағдайын да бақылады.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
09 желтоқсан 2020 ж. 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 206

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930