» » Аудан әкімдігінде комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігінде комиссия отырысы өтті


Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Омаров Жарқын Тұрмаханұлының төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өтті.

Жиынға ауданның мекеме басшылары, комиссия мүшелері қатысты. Шара барысында бірнеше мәселелер қаралды. Оның ішінде аудан көлемінде мемлекеттік тапсырыстар аясында әлеуметтік жобаларды орындау кезінде кемшіліктерді болдырмау жұмыстарын жүзеге асыру және ұсыныстар қарастыру туралы.

Аудан бойынша діни білім алуға ниет білдірген мектеп бітіруші түлектерге отандық жоғарғы оқу орындарында оқуға насихат жұмыстарын жүргізу және білім саласында діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытта атқарып жатқан жұмыстары туралы шетелде діни білім алудың қауіптілігін түсіндіру жұмыстарының тиімділігі туралы тиісті мекеме басшылары баяндама жасады.
Мемлекеттік органдардың өкілдері осы мәселелер төңірегінде өздеріне қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптарын беріп, хабарламаларында толыққанды тоқталып өтті.

Отырыс қорытындылаған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жарқын Тұрмаханұлы мемлекеттік органдардың жауапты басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 наурыз 2021 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031