» » Жас ана – жас маман

Жас ана – жас маман


Мемлекет әрдайым жұмыс істеймін, еңбек етемін деген жанға қолдау көрсетуде. Соның бірі – жас мамандарды қанаттандырған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Бүгінде сол жобаның жемісін көрген жас маман Зульфия Батышева дипломын қолға алып, ауылға қарай бет түзеген.
Кейіпкеріміздің атасы қырғыз, әжесі татар ұлтынан. Соғыста кездесіп, бір-біріне ғашық болған екі жас 1972 жылы Қуаңдария ауылына көшіп келеді. Отбасының түтіні түзу ұшып, балаларының қызығына бөленген олар 1995 жылдан бастап ІІІ Интернационал ауылына қоныс аударады. Өмірлік ұстанымын қатайтып, тәрбие сіңіруде ата мен әжесінің қолында өскен Зульфия арман қуып қалаға аттанады. Осында ол ағылшын тілі мамандығы бойынша білімін шыңдап, қос дипломмен ауылға оралады.
– Кішкентайымда полиция қызметкері болғым келді. Тәртіпті түзеп, ауылдың тыныштығын күзеткім келді. Әдемі формамен жарасым тауып жүргім келді. Алайда үйдегілер қарсы болды. Қыз балаға ауыр тиетін мамандық деп ақыры мұғалімдікке түстім. Қазір шүкір, мамандығыммен мақтанамын. №108 мектепте ағылшын тілі пәнінен сабақ беремін. Оқушыларым түрлі жетістікке жетіп, қуантуда. 2019 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша үйлі болдым. Қазір осы шаңырақта отбасымызбен тұрып жатырмыз, – дейді ол.
Бір қызығы оның анасы қазақ қызы екен. Өзі қырғыз ұлтынан болса да қазақ отбасына келін болып, отбасының берекесін келтіріп отыр.
– Қазақ отбасына келін болу – мен үшін үлкен мәртебе. Дәстүріне, тұрмысына, тірлігіне тез сіңісіп кеттім. Өзіміз 5 ағайындымыз. Үйдегі қыздардың барлығы дерлік қазақ отбасына тұрмысқа шыққан. Жалпы қазіргі уақыт – білімді жастардыкі. Олар мемлекет берген мүмкіндікті пайдалана білуі керек. Ата-анасы оқытып, тоқытты. Сол алған мамандығын одан әрі жетілдіріп, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру керек, – дейді жас маман.
Бүгінде Зульфия жұбайы Арманмен бірге 3 бала сүйіп, тәрбие тәлімін беріп отырған жас отбасы. Үй шаруасына, қызметіне, оқушыларына сабақ беруге теңдей үлгерген ол қазір 2 айлық қызымен бала күтімімен үйде отыр.
Тілшілер тобы
01 наурыз 2021 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 421

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 496

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930