» » Мамандық таңдау – ертеңді ойлау

Мамандық таңдау – ертеңді ойлау

Мектеп қабырғасында жүрген түлектерді «мен қандай мамандықты таңдаймын?» деген ой мазайлайтыны анық. Осындай да оқушыларға бағыт-бағдар беретін ұстаздардың ықпалы қашанда маңызды. Ал түрлі мамандық иелері олармен жүздесіп, кеңес айтса дұрыс таңдау жасауға сеп болары сөзсіз. Осыған орай аудан орталығындағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде бітіруші түлектермен «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау» атты кездесу өтті.
Тағылымды шараға аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» директоры Орынбек Мұнарбаев, белгілі ұстаз, білім беру ісінің үздігі Райкүл Қаратаева, аудандық мәслихат депутаты Айдынбек Іскендіров, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айдос Жаналиев тағы да басқа сала мамандары қатысты.
Кездесуде алғашқы сөзді алған мектеп директоры Г.Мұнарбаева мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталды.
– Мамандық таңдау адам өміріндегі ең маңызды қадам. Одан қателесуге болмайды. Ол сенің бағдаршамың, биікке көтеретін белесің. Қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров:
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда кім болам?» деп бекер айтпаған. Міне осы ақын айтқандай алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында еңбек етсеңіздер, сіздер алмайтын асу болмайды, – дейді мектеп басшысы.
Айта кетерлік №250 мектеп-лицейдің жанындағы жатақханада ауылдық елді мекендерден келген дарынды балалар жатып, білім алуда. Білім нәрімен сусындаған түлектер қоғамда өз орындарын тауып, елдің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Соның бірі – айтыскер ақын Сырым Әділбеков де осы мектептің түлегі.
Шараны ұйымдастырған жатақхана тәрбиешілері Э.Қойшыбаева, А.Жетпісбаева арнайы дайындаған слайд арқылы мектеп түлектеріне мамандықтың маңыздылығын түсіндіріп, бағыт-бағдар берді. Білім ұясының шәкірттеріне болашақта мамандық таңдаудың қыр-сыры мен жан-жақты бағыт-бағдары айтылды.
Мұнан соң кездесуге келген қонақтар өздерінің мамандықтары туралы ойларын айтып, кеңес берді. Өз кезегінде оқушылар мамандық иелеріне сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.
Келелі кездесуді қорытындылаған мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Алтыруова мен Г.Аяпова шараға қатысқан сала мамандарына алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Бітіруші түлектер қонақтармен естелік суретке түсті.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 ақпан 2021 ж. 1 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031