» » Талапты сақтағанда вирус таралмайды

Талапты сақтағанда вирус таралмайды

Соңғы онкүндіктегі денсаулық саласындағы жаңалықтарды зерделесек, эпидемиологиялық жағдай жақсара қойған жоқ. Әлем бойынша індет жұқтыру тыйылар емес. Ал елге келер болсақ, вирус жұқтырғандар саны азаяр емес. Дей тұрғанмен, дәл осы сандардың қатарына Байқоңыр қаласы мен Ақай ауылының халқы енбеген. Бұл да бір жақсы жаңалық және аймақ басшыларының карантиндік режимді бақылау басқару шараларының нәтижесі болса керек. Байқоңыр қаласында орнатылған темірдей тәртіп, о бастан қала әкімшілігінің өз бақылауында. «Бақылау тексеру пунктінде» жүргізілетін қатал тексеру сырттан келуге ниетті қонақтарды уақытша аймаққа кіргізбеуге шешім қабылдаған. Бұл шешім орыс ағайынның қазағымыздың қонақжай қасиетіне тосқауыл қойғандай. Алғашында көңілге кірбің түсіргенмен, бұл да сақтанудың ең бір төте жолы деген ой мысымызды басты. Күшейтілген карантиндік талаптар, қашықтан оқыту, бетперде режимі, залалсыздандыру шаралары, күні-түні жүргізілген рейдтер, тіпті айыппұл арқалаған азаматтар тәртіп пен талаптың не екенін енді-енді ұққандай. Мұны жете түсіну үшін де біраз айларды артқа қалдырдық. Нәтижесі міне, Байқоңыр қаласы, қалаға көрші тұрған Ақай ауылы мен Төретам кенті бойынша індет жұқтырғандар дерегі тіркелмеді. Бұл туралы Байқоңыр қаласы көпбейінді ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Марат Игенбаев мәлімдеді.
Халықтың денсаулығына алаңдаған ақ халаттылардың тағы бірі, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша ахуал әлі де нашар. «Пандемия әлі де жалғасуда, өкінішке қарай індетті толық жеңген жоқпыз. Сондықтан жағдайға барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Өзгелерге індет жұқтырмау үшін, жұқтырып алмау үшін міндетті түрде маска тағыңыздар, әлеуметтік арақашықтық пен гигиена талаптарын сақтаңыздар» деді. Былтырғы сәуір-мамыр айларында індетті жұқтырмаған адам қалмады. Сол кездерде табиғи сұрыпталу басталып кетті. Иммунитеті күштілер жеңіп шықты, бұрыннан денсаулығында шағымы бар кісілер ауруларын одан әрі асқындырып алды, енді бірі өз бетінше үйден ем-дом жасап, өз-өзіне қызмет етуге көшті. Сол кездердің қайта айналып келмесіне кім кепіл?! Сондықтан да өткеніміз оралмасын десек, жақынымызбен арақашықтық сақтауға тырысайық.
Гүлжан САРТАЙҚЫЗЫ
Байқоңыр қаласы
12 қаңтар 2021 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031