» » Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!


Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Watsapp мессенджерлері мен әлеуметтік желілерде "25 мамырдан бастап төтенше жағдай енгізіледі" деп тарап жатқан ақпарат бойынша келесіні мәлімдейді:
Облысымызда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Ауру жұқтыру жағдайлары әлі де тіркелуде. 
Халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында экономиканың жекелеген салалары мен нысандарының жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен кезең-кезеңмен рұқсат берілуде. 
Алайда күнделікті жүргізілетін мобильді топтың рейдтері барысында анықталғандай, бірқатар нысандарда санитарлық-дезинфекциялық талаптар сақталмайды, қауіпсіздік шараларына бей-жай қарайтын тұрғындар да жоқ емес. 
Сақтық шараларына салғырттық таныту ауру өсімінің өршуіне алып келеді. Бұл өз кезегінде карантиндік режимді күшейтуге,тіпті жекелеген нысандарды қайта карантинге жабуға себеп болуы әбден мүмкін. 
Карантиндік режим қайтадан күшейтіледі деп нақты айту қиын. Барлығы эпидемиологиялық ахуал динамикасына байланысты. Ал эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және адамдардың тыныс-тіршілігіне қажетті нысандардың тұрақты жұмыс жасауына бірден-бір үлес қосатын әрбір тұрғынның өзі, яғни қойылған санитариялық ережелер қатаң сақталған жағдайда ауруды өршітуге жол берілмейді. Сондықтан тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-дезинфекциялық талаптарды орындауға шақырамыз!
22 мамыр 2020 ж. 1 005 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728