» » ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

«Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сапасын жақсартуды жақтайды. Осы бағытта «Ауыл - ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғасады. 2025 жылға қарай ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту Қармақшы ауданының 53,8 мың тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартады. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза суға және сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізеді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағдарламалар туралы партия атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрлан Бисембаев және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Дастан Буханов, Нұржан Раймов Иіркөл ауылының тұрғындарымен кездесуде айтты.
Кандидаттар «Nur Otan» партиясының Қармақшы ауданын дамыту бойынша әзірленген сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды жеке-жеке таныстырып, үгіт-насихат материалдарын таратты.
Өз кезегінде тұрғындар үміткерлерге салмақты сауалдарын жолдап, ауылдағы шешілмей тұрған өзекті мәселелердің түйінін тарқатуға жәрдем сұрады. Сондайқ-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.
Маңызды басқосуда кандидаттар тұрғындардың сұрақтарына кеңінен тоқталып, жауап берді. Өзекті болған мәселелер партия тарапынан жіті бақылауда болатынын жеткізді. Ерікін пікірталастан соң үміткерлер алдағы болатын сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.


«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы
Қармақшы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.
04 қаңтар 2021 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 511

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930