» » Үміткерлер "Ақтөбе и К" ұжымымен кездесті

Үміткерлер "Ақтөбе и К" ұжымымен кездесті

«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының он екінші күнінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Дәулет Байғараев, Дильфура Байрақтарова және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бауыржан Дүйсенбаев, Болат Жұмабаев, Ғалымжан Кәрібаев Ақтөбе ауылындағы «Ақтөбе и К» серіктестігінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын таныстырып, міндет-мақсатын айқындап түсіндірді.

– Партияның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. Осыған дейін де ел үшін жасап жатқан игі істері шексіз. Кешегі пандемия кезінде дағдарысқа қарсы іс-шаралар әзірлеп, жағдайды тұрақтандыруда жұмыстар жасады. Мәжбүрлі еңбек демалысында жүрген 2,1 мың қызметкерге 42,5 мың теңгеден төленді. Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау алды көрсетті. Мәселен зардап шеккен жеке кәсіпкерлерге шағын және орта бизнес несиелері бойынша міндеттемелерін кейінге қалдырды. Төтенше жағдай кезеңінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізді. Міне осының барлығы ел дағдарысқа ұшырап, жағдайы төмендеп кетпеуі үшін жасалып жатқан жұмыстар. Алда «Nur Otan» партиясының 5 жылға дайындаған бұданда жоғары жоспары бар. Сол жоспарлар жүзеге асуы үшін сіздерді 2021 жылы 10 қаңтарда партияға дауыс беруге шақырамыз, – деді үміткер Дәулет Байғараев.

– Ауыл азаматтарының өмір сапасын жақсартуда «Nur Otan» партиясы «Ауыл - ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыруды көздеп отыр. 2025 жылға қарай ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту Қармақшы ауданының 53,8 мың тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартады. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза суға және сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізеді. Партия аудан тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отыр. Сіздерді алда болатын сайлау науқанында белсенділік танытуға шақырамыз, – деді аудандық мәслихатқа үміткер Бауыржан Дүйсенбаев.

Басқосуда серіктестік ұжымы үгіт тобына сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді. Ел үмітін арқалаған «Nur Otan» партиясына сенім білдіріп, сайлауда дауыс беретінін жеткізді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы
Қармақшы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.
21 желтоқсан 2020 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031