» » Үміткерлер кент тұрғындарымен кездесті

Үміткерлер кент тұрғындарымен кездесті

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының үгіт-насихат жұмыстарын бастағанына міне жетінші күн. Осы орайда кандидаттар белсенді жұмыс жасауда. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Болат Жұмабаев, Айдынбек Скендіров, Ғалымжан Кәрібаев партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудан орталығындағы жыраулар үйінде кент тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде парияның сайлауалды бағдарламасының алдағы бес жылда жоспарлаған негізгі міндеттеріне тоқталды. Соның бірі – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Ауданда өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамытып, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып оның әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Сол үшін партияның мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.

«Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сапасын жақсартуды көздеп отыр. Осы бағытта «Ауыл - ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғаспақ. 2025 жылға қарай ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту Қармақшы ауданының 53,8 мың тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартады. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза су мен сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізеді», – деді үміткер Б.Жұмабаев.

«Қазіргі таңда Жосалы кентінде газ құбыры жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстың биыл аяқталуы күтілуде. Нәтижесінде аудан халқының 38,3 пайызы газ тұтыну мүмкіндігіне ие болмақ. Алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы Жосалы кент, Төретам кенті және Ақай елді мекендеріне газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп, 2025 жылға қарай аудан халқының 70,3 пайызын газбен қамтамасыз етуіне ықпал етеді», – деді аудандық мәслихатқа кандидат Ғ.Кәрібаев.

Кездесу барысында тұрғындар көкейдегі сауалы мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар дамудың даңғыл жолын таңдаған «Nur Otan» партиясына сәттілік тілеп, сайлауда дауыс беретіндерін айтты.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді
17 желтоқсан 2020 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930