Жаңа бағдарлама - тұрақты дамудың табысты жалғасы
Бағдарлама - жан-жақты тәжірибелерді, барлық мүмкіндіктерді, нақты жоспарларды қамтыған, әбден жетілген, әлеуметтік-экономикалық, саяси маңызды құжат.
Еліміздегі негізгі және саяси жетекші ұйым "Nur Otan" партиясы тағы бір елеулі кезеңді табысты аяқтап, жаңа белеске қадам басты. Бұл - тарихи кезең.
Әрине, "Nur Otan" партиясының әрбір тарихи сәті, әрбір жеңісі, әрбір табысы ең алдымен, Тұңғыш Президентіміз, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен байланысты. Себебі, нұротандықтар, Елбасының білікті басшылығының, кемел саясатының және ұйымдастырушылық шеберлігінің арқасында әрқашанда елмен, халықпен бірге болып, аса жауапты міндеттерді абыроймен атқарып келеді.
Барлық уақытта партия алдына ұзақмерзімді стратегиялық міндеттер қойылып, олар жүйелі жүзеге асырылды. "Nur Otan" партиясының жетістігі - мемлекетіміздің тұрақты дамуын, азаматтарымыздың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етті. Осы табыстарымызды одан әрі жалғастыру мақсатында "Nur Otan" партиясының «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір» атты жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданды.
Бағдарлама жобасына Мемлекет басшысының Жолдауынан бизнесті қорғау, ауыл әкімдерін сайлау, бюджет саясаты, балалар құқығын қорғау, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, денсаулық сақтау бөлімдері кірді.
Сондықтан, "Nur Otan" партиясы кезекті сайлауалды бағдарламасы, елімізді одан әрі өркендетуге, заңдылық пен тәртіпті сақтауға, уақытша қиындықты еңсеріп, халықтың әл-ауқатын күшейтуге жаңа жол салып отыр.
Бұл жол әрине, барша қазақстандықтардың, партиямыздың барлық жақтастарының жүрегінен орын алатыны сөзсіз.
Айдынбек СКЕНДИРОВ,
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы
Саяси кеңесінің бюро мүшесі
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы
Саяси кеңесінің бюро мүшесі