» » КАНДИДАТТАР АҚАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

КАНДИДАТТАР АҚАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясынан Қармақшы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сейл Жумадьяров, Еркін Рзалиев және Ғабит Бердекеев үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақай ауылдық клубының үйінде тұрғындармен кездесті.

Үміткерлер тұрғындарымен жүзбе-жүз кездесіп, тұрғындарды толғандыратын көптеген сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында аудандағы атқарылар игі істерді де тұрғындарға жеткізді.
Сонымен бірге, үміткерлер ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 бағытында көрсетілген нақты міндеттерді атап өтті.
«Nur Otan» партиясы нақты істердің көшбасшысы екендігін жеткізген кандидаттар әрбір сайлаушының дауысы маңызды, сайлаушылардың таңдауы - бүкіл елдің болашағын таңдау екендігін ескеріп өтті.
Аталмыш үгіт-насихат кездесуінде ауыл тұрғындары сайлауалды бағдарламаның 7 бағытында қарастырылған міндеттердің басымдылықтарымен танысып, сенім білдіріп, жетекші партияны қолдайтындарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.


19 желтоқсан 2020 ж. 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 068
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031