Құрылтай
» » Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады



Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова карантиндік шектеулер енгізілгеніне қарамастан іс-шара өткізгендердің фотосын жіберуді сұрады, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
Ол шектеу шаралары барлығына ортақ екенін атап өтті. Айтуынша, республикада 1600-ға жуық мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына полиция қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері кірді.
«Мониторинг топтарының жұмысына үлес қосқысы келетін кез келген адам жергілікті әкімдікке хабарласа алады. Қазақстанның барша тұрғынынан, соның ішінде журналистерден тыйым салынған жиын өткізгендердің фотосы мен видеосын жіберуді сұраймыз. Ақпаратты полицияға, бақылаушы топтарға, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне жіберіп, тез арада сол жерге барып, шара қолдануға үлес қосуға болады», – деді Есмағамбетова.
Оның мәліметінше, 31 желтоқсаннан бірінші қаңтарға  дейінгі аралықта өткен аптамен салыстырғанда тыйым салынған шара өткізгендер саны екі есе артқан.
04 қаңтар 2021 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 657
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31