» » Министрлік маска тағу режимі қалай бақыланатынын айтты

Министрлік маска тағу режимі қалай бақыланатынын айтты


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі маска тағу немесе тақпау режимін қалай бақыланатынын түсіндірді, – деп хабарлайды Kyzylorda.news.kz.
Маска тақпағаны үшін тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде жазылған.
«Жеке тұлғаларға (азаматтарға) карантиндік шараларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы дәлелдемелер жинауды (әлеуметтік қашықтық, адамдар көп жиналатын жерлерде маскасыз жүру және т.б.) бақылау топтарының құрамында ішкі істер органдары және жергілікті полиция қызметі жүргізеді», – делінген хабарламада.
Одан кейін ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғау үшін материалдарды Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне беріледі.
«Прокуратура органдары мемлекеттік органдар мен ұйымдардың карантиндік шараларды орындау кезінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. 5 шілдеден бастап өз қызметін қайта бастаған меншіктің әртүрлі нысандарының қызметін, сондай-ақ жеке тұлғалардың карантин талаптарын сақтауын бақылау мақсатында өңірлерде полиция қызметтері, әкімдіктер, «Атамекен» ҰКП, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері, волонтерлер кіретін 779 мониторингтік топ құрылды», – делінген хабарламада.
01 тамыз 2020 ж. 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 589
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930